ruenkz

Халықаралық жаңалықтар

Салынған уақыты 04.10.2018 09:46 ERA компаниясы тағы бір тендерді ұтып алып Польшадағы Варшава әуежайында өзінің жүйесін орнатады Салынған уақыты 27.08.2018 15:38 Крэнфилд университеті Ұлыбританияның алғашқы цифрлық диспетчерлік мұнарасына VCS жүйесін жеткізу үшін «Rohde и Schwarz» компаниясын таңдайды Салынған уақыты 20.08.2018 10:20 Airways New Zealand Бахрейн әуе қозғалысын басқару орталығының студенттерін дайындайды Салынған уақыты 06.08.2018 09:57 ИКАО "CORSIA ЕНГІЗЕМІЗ!" әлеуетін дамыту бойынша жаңа бастама жариялады Салынған уақыты 03.08.2018 12:07 ЕААК-тың 36-пленарлық сессиясы Салынған уақыты 02.08.2018 11:40 Бакуда алғашқы рет CANSO-2020 Дүниежүзілік аэронавигация саммиті өтеді Салынған уақыты 18.07.2018 13:56 Лондонқаласындағы Хитроу халықаралық әуежайы Indra компаниясының жаңа буын A-SMGCS жабдығын пайдаланады Салынған уақыты 29.06.2018 15:16 «Air Traffic Control» журналының алғашқы саны жарық көрді Салынған уақыты 25.06.2018 14:46 Saab ӘҚБ автоматтандыру құралдарының бірлескен кешенін Сантьягоға жеткізеді Салынған уақыты 20.06.2018 15:59 Ғаламдық гендерлік теңдік бойынша авиациялық саммит Салынған уақыты 01.06.2018 10:52 ИКАО Бас хатшысы әуе құқығының маңызына айрықша назар аудартты Салынған уақыты 28.05.2018 08:33 Кеңес президенті Никарагуаны авиацияны дамытуда жетекші ролді ұстап тұруға шақырды Салынған уақыты 25.05.2018 11:32 ИКАО көтерген мәселелер дрондар үшін әуе кеңістігін ұйымдастыру саласында инновациялық шешімдер қолдануды талап етеді Монреаль, 2018 жылғы 9 сәуір. Жарқын болашақта дрондардың көмегімен жеткізілімдер жасау, тексерулер жүргізу, тіпті ұшатын жеке таксилер біз үшін қиял емес шындық болмақ және бұл қызмет көрсету түрінің қауіпсіз әрі тиімді болуы үшін ИКАО ұлттық пилотсыз басқарылатын авиациялық жүйелердің төмен биіктікте ұшуы үшін әуе қозғалысын ұйымдастыру жөнінде нұсқаулық материал әзірлеуге қажетті консультациялық жұмыстар жүргізе бастады. ИКАО келісілген жаһандық тәсілдің пилотсыз басқарылатын авиациялық жүйелердің көмегімен инвестициялық сенім мен пайдалану қауіпсіздігінің тиісті деңгейінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру кезінде іскерлік және өзге де жағдайларға едәуір көмегін тигізетінін мойындай отырып, 13-14 қыркүйекте Қытайдың Чэнду қаласында "DRONE ENABLE" екінші іс-шарасын өткізбекші. Бұл іс-шарада басты көңіл пилотсыз басқарылатын авиациялық жүйелер қызметін дамытуды әуе қозғалысын ұйымдастырудың қолданыстағы стандартты жүйелерімен жаһандық үйлестіру үшін сала сарапшыларымен және өнертапқыштарымен бірлесіп ғылыми және басқа да жаңа шешімдерді зерделеуге бөлінбек. Чэндуда өткізілетін іс-шараға дайындық барысында ИКАО 2017 жылы өткен бірінші "DRONE ENABLE" іс-шарасынан кейін дайындалған нұсқаулық материалды жетілдіру мақсатында ақпарат ұсынуға (RFI) екінші сауал жолдады. Мүдделі тараптар ИКАО үшін 2018 жылғы RFI ақпаратын БҰҰ-ның авиация саласындағы мамандандырылған мекемесінің "Пилотсыз басқарылатын авиация" сайтын (www.icao.int/safety/ua) пайдаланып, ұсына алады. ИКАО Кеңесінің Президенті д-р Олумуива Бенард Алиу өз сөзінде: "Пилотсыз басқарылатын әуе кемелері мен олардың төмен биіктікте ұшуына қатысты күн сайын жаңа ұсыныстар мен инновациялық шешімдер пайда болуда. ИКАО мемлекеттік және жеке меншік пайдаланушылар қауымы үшін артықшылықтарын жаһандық деңгейде оңтайландыру мақсатында мұндай әуе кемелерін қазіргі заманғы әуе кеңістігіне қауіпсіз біріктіру жолдарын анықтауға ең мықты және дарынды үкімет, сала өкілдерін тарту үшін ең қолайлы мекеме" деп мәлімдеді. 2016 жылдың қазан айында ИКАО Ассамблеясының 39-шы сессиясы барысында әлем елдерінің үкіметтері Ұйымның халықаралық ұшулар үшін бұрын дайындаған стандарттарына қосымша практикалық негіз әзірлеуге өтініш білдірді. ИКАО Бас хатшысы д-р Фан Лю: "Көптеген мемлекеттер мен өңірлік топтар пилотсыз басқарылатын авиациялық жүйелердің төмен биіктікте ұшуы үшін әуе кеңістігін ұйымдастыру механизмдерін әзірлеуде және ИКАО-ның RFI деректерімен жұмыс істеуі қауіпсіз, сенімді, тұрақты және ең бастысы әлемдік деңгейде келісілген біркелкі шешімдер іздеу процесін жеңілдетуге көмектеседі". ИКАО көтерген мәселелер дрондар үшін әуе кеңістігін ұйымдастыру саласында инновациялық шешімдер қолдануды талап етеді Салынған уақыты 08.06.2017 11:53 Ағымдағы жылғы 31 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалын аралады Салынған уақыты 09.01.2017 16:56 Airhelp халықаралық қызметі авиатасымалдаушылар сенімділігінің рейтингін жасады.