ruenkz

DFS Aviation Services GmbH өз филиалын Бахрейнде ашады

Салынған уақыты 14.02.2019 09:04

DFS Aviation Services GmbH өз филиалын Бахрейнде ашады

2019 жылғы 10 қаңтарда DFS Deutsche Flugsicherung GmbH (DFS) неміс аэронавигациялық қызмет көрсетушінің еншілес компаниясы DFS Aviation Services GmbH Бахрейннің Көлік және коммуникация министрлігімен персонал беруге қатысты келісімшартқа қол қойды. Осы мақсатта Манамда орналасқан DFS Aviation Services Bahrain Co. W.L.L компаниясы құрылды. Компания 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап өз жұмысын бастады.

2018 жылы DFS Aviation Services халықаралық тендерді ұтып алған болатын. Бахрейн Корольдігінің стратегиясы Бахрейннің әлеммен тиімді ара-қатынасында маңызды рөл атқаратын халықаралық стандарттағы авиациялық секторды дамыту болып табылады.  Осы лауазымды атқаруда табысқа қол жеткізудің негізгі факторларының бірі ең жоғары халықаралық стандарттар бойынша дайындықтан өткен білікті бахрейндік жоғары білікті авиадиспетчерлер командасы болды.

362