ruenkz

ИКАО көтерген мәселелер дрондар үшін әуе кеңістігін ұйымдастыру саласында инновациялық шешімдер қолдануды талап етеді

Салынған уақыты 25.05.2018 11:32

Өткен жылы ИКАО-ның "DRONE ENABLE" бірінші симпозиумы сәтті өткеннен кейін биылғы жылғы 13-14 қыркүйекте Қытайдың Чэнду қаласында  "DRONE ENABLE" екінші іс-шарасы ұйымдастырылмақ. Бұл іс-шарада жүйелердің алдағы дамуы мен пилотсыз басқарылатын авиациялық жүйелердің әуедегі қозғалысын ұйымдастыру жүйелерін әуе қозғалысын ұйымдастырудың стандартты жүйелерімен біріктіру  мәселелеріне қатысты ғылыми және басқа да бірқатар шешімдерді сарапшылармен және өнертапқыштармен бірлесіп зерделеуге ерекше көңіл бөлінетін болады.

Монреаль, 2018 жылғы 9 сәуір. Жарқын болашақта дрондардың көмегімен жеткізілімдер жасау, тексерулер жүргізу, тіпті ұшатын жеке таксилер біз үшін қиял емес шындық болмақ және бұл қызмет көрсету түрінің қауіпсіз әрі тиімді болуы үшін ИКАО ұлттық пилотсыз басқарылатын авиациялық жүйелердің төмен биіктікте ұшуы үшін әуе қозғалысын ұйымдастыру жөнінде нұсқаулық материал әзірлеуге қажетті консультациялық жұмыстар жүргізе бастады.

ИКАО келісілген жаһандық тәсілдің пилотсыз басқарылатын авиациялық жүйелердің көмегімен инвестициялық сенім мен пайдалану қауіпсіздігінің тиісті деңгейінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру кезінде іскерлік және өзге де жағдайларға  едәуір көмегін тигізетінін мойындай отырып, 13-14 қыркүйекте Қытайдың Чэнду қаласында "DRONE ENABLE" екінші іс-шарасын өткізбекші. Бұл іс-шарада басты көңіл пилотсыз басқарылатын авиациялық жүйелер қызметін дамытуды әуе қозғалысын ұйымдастырудың қолданыстағы стандартты жүйелерімен жаһандық үйлестіру үшін сала сарапшыларымен және өнертапқыштарымен бірлесіп ғылыми және басқа да жаңа шешімдерді зерделеуге бөлінбек.

Чэндуда өткізілетін іс-шараға дайындық барысында ИКАО 2017 жылы өткен бірінші "DRONE ENABLE" іс-шарасынан кейін дайындалған нұсқаулық материалды жетілдіру мақсатында ақпарат ұсынуға (RFI) екінші сауал жолдады. Мүдделі тараптар ИКАО үшін 2018 жылғы RFI ақпаратын  БҰҰ-ның авиация саласындағы мамандандырылған мекемесінің "Пилотсыз басқарылатын авиация" сайтын (www.icao.int/safety/ua) пайдаланып, ұсына алады.

ИКАО Кеңесінің Президенті д-р Олумуива Бенард Алиу өз сөзінде: "Пилотсыз басқарылатын әуе кемелері мен олардың төмен биіктікте ұшуына қатысты күн сайын жаңа ұсыныстар мен инновациялық шешімдер пайда болуда. ИКАО мемлекеттік және жеке меншік пайдаланушылар қауымы үшін артықшылықтарын жаһандық деңгейде оңтайландыру мақсатында мұндай әуе кемелерін қазіргі заманғы әуе кеңістігіне қауіпсіз біріктіру жолдарын анықтауға ең мықты және дарынды үкімет, сала өкілдерін тарту үшін ең қолайлы мекеме" деп мәлімдеді.

2016 жылдың қазан айында ИКАО Ассамблеясының 39-шы сессиясы барысында әлем елдерінің үкіметтері Ұйымның халықаралық ұшулар үшін бұрын дайындаған стандарттарына қосымша практикалық негіз әзірлеуге өтініш білдірді.

ИКАО Бас хатшысы д-р Фан Лю: "Көптеген мемлекеттер мен өңірлік топтар пилотсыз басқарылатын авиациялық жүйелердің төмен биіктікте ұшуы үшін әуе кеңістігін ұйымдастыру механизмдерін әзірлеуде және ИКАО-ның RFI деректерімен жұмыс істеуі қауіпсіз, сенімді, тұрақты және ең бастысы әлемдік деңгейде келісілген біркелкі шешімдер іздеу процесін жеңілдетуге көмектеседі".

"ИКАО-ның басты міндеті – осы мәселелермен байланысты техникалық, пайдалану немесе құқықтық сипаттағы мәселелерді тиімді анықтау болып табылады, сондықтан біздің бірінші кезектегі мақсатымыз бұрынғысынша ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып қала бермек"- деп атап айтты.

1646