«Air Traffic Control» журналының алғашқы саны жарық көрді
Салынған уақыты 29.06.2018 15:16
Жаңа жоба - «Air Traffic Control» халықаралық аэронавигациялық журналын ұсынамыз. Журнал құрылтайшысы «Госкорпорация по ОрВД» ФМУК болып табылатын «Аэронавигация институты» ҚКБ КБМ негізінде шығарылатын болады.
Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның «Ұшу қауіпсіздігін басқару» деп аталатын 19-қосымшасының аэронавигациялық жүйедегі қауіпсіздікті дәріптеу саласындағы талаптарын орындау үшін маңызды қадам жасалды. ГК ОрВД тарапынан жобаның жетекшісі Кәсіпорынның баспасөз хатшысы Николай Ивашов болып табылады. Журналдың бас редакторы - осыған дейін бірнеше аэронавигациялық басылымдардың редакциясын басқарған, салалық ортада белгілі журналист Татьяна Москвичева. Журналдың алғашқы саны коммерциялық емес негізде «Госкорпорация по ОрВД» ФМУК Бас дирекциясы мен филиалдарының негізінде, корпорацияның серіктес Кәсіпорындарында, сондай-ақ «Еуразия» үйлестіру кеңесінің мүшелері болып табылатын аэронавигациялық қызмет провайдерлері арасында таратылатын болады. Сонымен қатар, журналдың кейбір материалдары электрондық түрде қолжетімді болады деп жоспарлануда.
1873