ruenkz

Бакуда алғашқы рет CANSO-2020 Дүниежүзілік аэронавигация саммиті өтеді

Салынған уақыты 02.08.2018 11:40

Әзірбайжанның астанасы 2020 жылы CANSO (Civil Air Navigation Services Organization) аэронавигациялық қамтамасыз ету провайдерлері халықаралық ұйымының Global ATM Summit  дүниежүзілік саммитін өткізетін қала ретінде таңдап алынды.

Бакудың кандидатурасы Бангкок қаласында  Атқару комитетінің (АҚШ FAA, Канада, Германия, Чехия, Аргентина басшыларынан, Сингапурдың, Танзанияның, Ұлыбританияның және Сауд Арабиясының әкімшілігінен тұрады) отырысында бірауыздан қабылданды. Кейіннен CANSO бас жиналысының барысында                      Баку кандидатурасы үшін 70-тен астам ел дауыс берді.

Жыл сайынғы Global ATM Summit саммиті азаматтық авиация саласындағы ең айтулы іс-шаралардың бірі болып табылады. Саммитке 100-ден астам елдің 250-ден көп өкілі қатысады. Бұл іс-шараны ауқымы бойынша авиация саласындағы олимпиадамен салыстыруға болады.    

Осы сияқты ауқымды және маңызды саммит Әзірбайжанның азаматтық авиация тарихында алғашқы рет Баку қаласында өткізіледі. Келешекте әуе қозғалысын жаһандық тұрғыда ұйымдастырудың стратегиялық бағытын айқындайтын «CANSO: Fit for the Future of ATM» бағдарламасын мақұлдау 2020 жылға қарай іс-шараның негізгі өзегіне айналмақ.

Соңғы жылдары саммит Дублинде (2014), Дурбанда (2015), Ванкуверде (2016) және Копенгагенде (2017) өтті. Осы жылы саммит Бангкок қаласында өткізілетін болса, 2019 жылы Женевада өтпек.

Болашақтағы қауіпсіз және шекарасыз әуе кеңістігі үлгісін құру мақсатында CANSO, жалпы алғанда, әлемдік әуе трафигінің 85 пайыздан астамын қамтиды және бүкіл дүние жүзінің аэронавигациялық қызметтер провайдерлерін, авиациялық биліктің реттеуші және атқарушы органдарын, сондай-ақ авиациялық индустрияның көшбасшы өндірушілерін қамтиды.

Бүгінгі күні CANSO құрамында бүкіл дүние жүзі бойынша 164-тен астам мүше бар. Әзірбайжан 2005 жылдан бері ұйым мүшесі болып табылады.

«Әзірбайжан әуежолдары» ЖРҚ құрамындағы «Азераэронавигация» (AZANS) құрылымдық бөлімшесі Еуропа мен Азияны байланыстыратын негізгі әуе қозғалысын басқару құрылымы болып табылады. Жыл сайын Әзірбайжан Республикасының үстінен 90 мыңнан астам транзиттік рейстер жүзеге асырылады. Әзірбайжанның географиялық тұрғыдан ұтымды орналасуы да ел аумағында бұрынғы кеңес одағы елдерінің әуе кеңістігіндегі жалғыз Әуе кеңістігін пайдалану тиімділігі, стратегиясы және дамуы орталығын (ASEC) ашуға мүмкіндік берді.

 

1695