ruenkz

ИКАО Бас хатшысы әуе құқығының маңызына айрықша назар аудартты

Салынған уақыты 01.06.2018 10:52

Осы жылғы 28–29 сәуірде ИКАО Бас хатшысы д-р Фан Лю Қытай Азаматтық авиация басқармасы (СААС) басшысының орынбасары Ван Чжицин мырзамен және Ухань университетінің бірінші вице-президенті Фэн Юмей ханыммен бірге авиациялық құқық жөніндегі «Бір аймақ – бір жол» конференциясының ашылуына және оның жұмысына қатысты.

Өзінің кіріспе сөзінде д-р Лю ИКАО-ның басты міндеттерінің бірі Біріккен Ұлттар Ұйымы құрамындағы Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго конвенциясының) орындалуын қадағалауды жүзеге асыратын мамандандырылған мекеме болып табылатын осы ұйымның мәртебесін назарға ала отырып, азаматтық авиация саласындағы халықаралық нормаларды, саясатты және стандарттарды әзірлеу екендігін ерекше атап көрсетті.

Ол елдердің әуе кеңістігін тұрақты негізде бірлесіп пайдалану мақсатында және көпшіліктің игілігі үшін Чикаго конвенциясының негізіндегі ынтымақтастықты жолға қоюда оларға көмек көрсетудің ИКАО-ның басты принципі болып табылатынын айтып, бұл ұйымның алғашқы құрылған                        1944 жылдан бастап азаматтық авиацияны қауіпсіз және тәртіпке негіздеп дамыту процесін үйлестіру, елдердің әлеуметтік-экономикалық байланысын күшейту үшін жұмыс істейтіндігіне де тоқталды.  

"Бұл жағдай әуе көлігінің бүкіл әлем үшін бейне бір «әуедегі жібек жолына» айналғандығын ұғынуға айтарлықтай көмектеседі, - деді ол, - және   ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды дамытудың арқасында, мәселен, ИКАО-ның «Ешбір ел назарсыз қалмайды» деген бастамасы арқылы, авиация «Бір аймақ – бір жол» бағдарламасын іске асыруға қатысатын көптеген мемлекеттерге осы бірегей халықаралық қауіпсіз, сенімді және жылдам әуе тасымалдаулары желісінің негізінде әл-ауқатының күшейтілуін қамтамасыз етуге көмегін тигізе алады».   

Қытайдың авиациялық заңнамасы және оның негізінде құрылған реттеу жүйесі ИКАО-ның ең соңғы халықаралық стандарттарына және саясат шараларына сәйкес бұл елдің азаматтық авиациясы жүйесінің ілгеріге бағытталған дамуын ИКАО-ға мүше мемлекеттер үшін белгіленетін ұшу қауіпсіздігі мен тиімділігі саласындағы көптеген көрсеткіштерден артуы қамтамасыз етілетіндей етіп құрылғаны және соған бағытталғаны баршаға белгілі.

Ухань конференциясының жұмысына халықаралық ұйымдардың, азаматтық авиация органдарының, авиакомпаниялардың, университеттердің, арбитраждық орталықтардың, заңгерлік фирмалардың және әлемнің әр түкпіріндегі басқа құрылымдардың екі жүзден астам өкілдері қатысты. Конференция барысында авиациялық заңнаманы әзірлеу және әуе кемелерін сатып алуды қаржыландыру, келіспеушіліктерді реттеу механизмдері, жолаушылардың құқықтары, қашықтан басқарылатын авиациялық жүйелер және ұшу қауіпсіздігіне, авиациялық қауіпсіздікке және қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер талқыланды.

1583