Лондонқаласындағы Хитроу халықаралық әуежайы Indra компаниясының жаңа буын A-SMGCS жабдығын пайдаланады
Салынған уақыты 18.07.2018 13:56
NATS Indra компаниясымен оның норвегиялық Indra Navia еншілес компаниясы арқылы Лондондағы Хитроу әуежайына жерүсті қозғалысын басқару және оны бақылау бойынша жетілдірілген жүйе (A-SMGCS) үшін соңғы буын InNOVA өнімін жеткізуге келісімшарт жасасты.
Лондондағы Хитроу әуежайы Indra компаниясының Мұнара жабдығын 90-жылдардың басынан бері қолданып келеді. Қазіргі уақытта Хитроу әуежайында Indra компаниясының төрт жекелеген жүйелері орнатылған.
Жаңа InNOVA жерүсті жабдығы қолданыстағы жерүсті қозғалысы жүйесін жаңа буын жабдығымен, радиолокациялық экстракорлар және процессорлармен алмастырады. Ол, сондай-ақ, қадағалау жүйесі жетілдірілген және жаңа бейнелеу функциялары бар ең жаңа бағдарламалық жасақтаманы ұсынады. Жүйе жерүсті қозғалысы қауіпсіздігінің жетілдірілген желілері сияқты жаңа SESAR функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ Мұнараның басқа функцияларымен бірігуге қабілетті.
1653