«Indra» компаниясы Чэнду қаласын Қытайдағы үшінші хаб-әуежайға айналдыру мақсатындағы негізгі жобаларды жасады
Салынған уақыты 16.10.2018 10:34
«Indra» компаниясы Чэнду қаласын Қытайдағы үшінші хаб-әуежайға айналдыру мақсатындағы негізгі жобаларды жасады
Қытайдың Оңтүстік-Батыс әуе қозғалысын басқару бюросы (SWATMB) кейбір басты жүйелерді іске асыру үшін «Indra» компаниясын таңдап алды. Бұл Чэнду қаласын елдің үшінші орындағы хаб-әуежайға айналдыруға көмектеседі.
Чэнду Қытайдың экономикалық қызметінің түпкі негіздерінің бірі және елдің тұтас батыс бөлігіне апаратын қақпа болып табылады. Соңғы жылдары қаланың әуе қатынасы өсуін жалғастыруда, және Чэнду-Шуанлю халықаралық әуежайының өткізу қабілеті ең жоғары дәрежеге жақын. Тиісінше, 2020 жылы екінші Чэнду-Тяньфу халықаралық әуежайын пайдалануға беру жоспарлануда, онда жылына 100 миллион жолаушыға дейін қызмет көрсетілетін болады.
Қозғалыс ағынын рет-ретімен арттыру үшін SWATMB Indra Air Automation жүйесімен жарақталатын жаңа АДО салып жатыр. Жүйе барлық әуе кемелері үшін ұшу жоспарларын автоматты түрде жасайды, ақпаратты орталықтандырады және оны пайдаланушылар арасында таратады. Ол Қытай мен әлемдегі ең әуе қатынасы қарқынды аумақты басқаратын болады.
Осы әуежайларда «Indra» компаниясы елде пайдалануға берілетін диспетчерлік Мұнараның алғашқы толығымен біріктірілген жүйесін енгізу үшін жауапты болады. Шешім әуежайлардың Мұнаралары мен әр түрлі диспетчерлік орталықтардың арасындағы ақпаратпен, сондай-ақ жердегі шолу радилокаторлары мен метеорологиялық қызмет сияқты басқа сыртқы ақпарат көздерінен алынған деректермен алмасуға көмегін тигізеді. Бұл авиадиспетчерлерге қозғалыс жағдайын орталықтандырылған және біріктірілген суретін пайдалануға мүмкіндік береді.
Мұнара жүйесінің EFS (Electronic Flight Strips – ұшу барысын жазатын электрондық таспалар) болады, олар авиадиспетчерлер өздері жауап беретін деректерді растайтын және ұшуды өңдейтін қағаз таспалардың орнына қолданылады және резервтік көшіру жүйесін және бақылау мен үлгілеу жабдығын қамтитын болады.
1353