Ғаламдық гендерлік теңдік бойынша авиациялық саммит
Салынған уақыты 20.06.2018 15:59
Ғаламдық гендерлік теңдік бойынша авиациялық саммит
Күні: 2018 жылғы 8-10 тамыз
Орны: Кэйп Таун, Оңтүстік Африка
ИКАО A39-30 Бас ассамблеясының 39-қарарына сәйкес Оңтүстік Африкалық азаматтық авиация басқармасы (SACAA) авиациядағы гендерлік теңдікті жылдамдатуға ғаламдық авиациялық қауымдастықты біріктіру үшін тамыздың 8 мен 10 аралығында Оңтүстік Африканың Кейптаун қаласында авиация саласындағы гендерлік мәселелер жөніндегі алғашқы халықаралық саммит өткізеді. Самитті ИКАО Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымымен (ЮНЕСКО) тығыз ынтымақтастықта ұйымдастыратын болады.
Саммит ғаламдық авиация секторында әйел адамдардың гендерлік теңдігін насихаттау және жоғарылатуға, құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыруға бірегей мүмкіндік береді. Тар шеңберде мамандандырылған сектордағы гендерлік теңдікті жылдамдату бойынша нақты шараларды айқындау және осы іс-қимылдарды үйлестіру мен жүзеге асыруды қолдау мақсатында серіктестік қарым-қатынастар орнатуда әуе көлігінің ғаламдық қауымдастығын біріктіретін болады.
Саммитке білім, еңбек, ішкі және сыртқы істер саласындағы, гендерлік мәселелермен байланысты салалардағы жоғары шенді лауазымды тұлғалар келеді. Сондай-ақ саммитке азаматтық авиациядағы бас директорлар, үлкен лауазымды тұлғалар және азаматтық авиация органдарында, әуежайларда, аэронавигациялық қызмет көрсетуде, авиация саласында, авиациялық қауымдастықтарда, БҰҰ мен халықаралық ұйымдарда, ғылыми ортада және оқу орындарында шешім қабылдайтын тұлғалар қатысады.
1750