Қытай 2025 жылға қарай азаматтық әуе тасымалының көшбасшысы болады
Салынған уақыты 29.01.2019 10:13
Қытай 2025 жылға қарай азаматтық әуе тасымалының көшбасшысы болады
Қытай 2025 жылға қарай ірі әуе тасымалы нарығына айналады деп мәлімдеді 27 қаңтарда Пекинде IATA бас директоры Александр де Жуньяк, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.
А. де Жуньяктың пікірінше, Қытайдың азаматтық авиациясы бүгінгі таңда әлемдік авиаиндустриядағы негізгі ойыншы болып табылады.
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының есептеуі бойынша, 2037 жылға қарай Қытайдың азаматтық әуе тасымалы жылына 1,6 млрд адам деңгейіне шығады.
Бүгінгі таңда жолаушыларды тасымалдаудың әлемдік авиациялық нарығы Азия өңіріне елеулі түрде жайғасты. Оның басты ойыншысы – Қытай.
«Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы мүшелерінің көпшілігі қытайлық авиакомпаниялар», – деді А. де Жуньяк.
Естеріңізге сала кетейік, Қытайдың азаматтық авиация басқармасының деректеріне сәйкес 2018 жылы азаматтық әуе тасымалының көлемі 2017 жылғы көрсеткіштен 11,4%-ға асып, 610 млн жолаушыны құрады.
1309