ruenkz

Кеңес президенті Никарагуаны авиацияны дамытуда жетекші ролді ұстап тұруға шақырды

Салынған уақыты 28.05.2018 08:33

ИКАО кеңесінің президенті доктор Олумуива Бенард Алиу Никарагуа үкіметінің шақыртуы бойынша Никарагуада бір жақты және екі жақты радиолокаторлар пайдаланыла бастауына байланысты сөз сөйлеу үшін және жоғары шенді тұлғалармен бірқатар кездесулер өткізу үшін Никарагуаға сапармен келді. Салтанатты рәсімге капитан Карлос Салазар Санчес, Никарагуа азаматтық авиация институтының (INAC) бас директоры Лауреано Ортега мырза, Никарагуаның инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының төрағасы және ел Президентінің өкілі, сондай-ақ Орталық Америка аэронавигациялық қызмет көрсету жөніндегі корпорациясының (COCESNA) атқарушы президенті  Хорхе Варгас мырза қатысты.

     Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылаудың ұйымдастырылуын тексеру жөніндегі  ИКАО әмбебап бағдарламасының деректері Никарагуа Республикасында ИКАО стандарттары мен ұсынатын тәжірибесін тиімді түрде енгізу 94,09 % құрайды, яғни әлемдегі ең үздік көрсеткіштердің алғашқы ондығына кіреді. Мемлекеттің сондай-ақ сипаттамаларға негізделген навигация (PBN) және әуеайлақтарды халықаралық сертификаттау жағдайы 100 % көрсеткішке жеткен.

     Соңғы бес жылда Никарагуадағы әуе тасымалының көлемі (ұшу саны бойынша есептелетін) жылына орташа алғанда 47 % артқан. Бұл туристік сектордың стратегиялық дамуы үшін шешуші мәнге ие және Никарагуаның авиациялық секторының дамуына және авиатасымалдауды ырықтандыруға қатысты міндетін көрсетеді.

ИКАО кеңесінің Президенті салтанатты рәсімде сөз сөйлей отырып, өңірдегі басқа да мемлекеттерді Никарагуаның үлгісін қолдануға және ұлттық авиация секторының және азаматтық авиацияның ғаламдық желісінің дамуымен байланысты аса маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етуге шақырды.

     Доктор Алиу өз сөзінде «Инфрақұрылымның маңызды объектісін пайдалана бастау сіздің елдегі аэронавигацияның даму жолындағы нақты қадам болады, алайда ол авиациялық сектордың барлық аспектілерінде сіз қол жеткізген тұрақты және төтенше маңызды ілгерілеуді білдіреді» деп іс-шара барысы туралы атап өтті. «Бұл жетістіктер әуе көлігінің қатынас желісін арттыруда ИКАО ережелерін сақтау аса маңызды орын алатын  тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы ретінде авиацияның негізгі ролін терең түсіну нәтижесінде болды».

     Сонымен қатар бұл мемлекет өңірде, әсіресе «Бір де бір ел ескерусіз қалмайды» (NCLB) бастамасы шеңберінде Солтүстік Американың, Орталық Американың және Кариб теңізі бассейнінің (NACC) ИКАО өңірлік бюросында жүзеге асырылатын ИКАО бастамаларын іске асыру үдерісіне қарқынды импульс берді.

Доктор Алиу 2018 жылғы 8-12 сәуірдегі Никарагуаға сапары барысында COCESNA Атқарушы кеңесімен жоғары деңгейдегі кездесу өткізді. Оған Гондурастың қорғаныс министрі Марлон Пасква мырза, Коста-Рикидің қоғамдық жұмыс және көлік министрі Херман Вальверде Гонзалес мырза, Белиза және Гватемала азаматтық авиациясының уәкілетті органдарының бас директорлары, COCESNA-ғы Сальвадордың өкілі, ИКАО кеңесіндегі Панаманың және Орталық Американың ротациялық тобының өкілі және INAC әуе көлігі мәселелері жөніндегі директоры Эвелин Арауз ханым қатысты.

Доктор Алиу COCESNA өкілдерінің Орталық Америка өңіріндегі авиациялық оқиғаларды тексеру жөніндегі өңірлік топқа ұйымдастыру талабы туралы құжатқа қол қоюға қатысты, сондай-ақ  COCESNA мен Орталық Американың ұшу қауіпсіздігі жөніндегі агенттігі, Еуропалық ұшу қауіпсіздігі жөніндегі агенттігінің (EASA) арасындағы ынытымақтастық ісіндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қатысты және COCESNA авиациялық инфрақұрылымы объектілеріне барды.

     Сапар барысында капитан Салазар доктор Алиуды 17-қосымшаның стандарттарын және 9-қосымшаның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі тиісті ережелерін тиімді енгізудің деңгейін арттыруға бағытталған ресмилігін жеңілдету және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жоспарларын орындауда  Никарагуаның айнымастығына сендірді. Үйлестіру жұмыстарын INAC қауіпсіздік жөніндегі тобы және осы сапарда доктор Алиу мырзаға ілесіп жүрген авиациялық қауіпсіздік және ресмилілікті жеңілдету мәселелері жөніндегі ИКАО NACC өңірлік қызметкері Рикардо Г. Дельгадо мырза жүзеге асырды.

1604