Ақпараттық жүйелер
ҰЖБЖ (Ұшуды жоспарлау және Биллинг жүйесі)
«Қазаэронавигация» РМК 2015 жылғы 1 мамырдан бастап Алматы қ. ұшуды жоспарлау және биллинг жүйесін штаттық пайдалануға енгізді.
WGS-84 координаталар жүйесі
Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 15-қосымшада баяндалған ИКАО стандарттарына сәйкес, барлық Уағдаласушы мемлекеттер өз аэронавигациялық деректерін (ӘБНкоординаталарын, ҰҚЖ табалдырығын, РЖ және тұрақ орындарын, радионавигациялық құралдарын, кедергілерді және т.б.) ұсынуға, сондай-ақ өз аумағы бойынша жер бедері мен кедергілер туралы электрондық деректерді қамтамасыз етуге міндетті. Аталған талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасында көзделген.
Аэронавигациялық ақпараттың деректер қоры
Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 15-қосымшасында және «Аэронавигациялық ақпарат қызметтері жөніндегі нұсқаулық» ICAO Doc. 8126 баяндалған стандарттарға және ICAO ұсынылатын тәжірибесіне сәйкес уағдаласушы мемлекеттер аэронавигациялық ақпарат қызметтері жұмыстарының жылдамдығын, сапасын, тиімділігін және пайдалылығын арттыру мақсатында автоматтандыру құралдарын (аэронавигациялық деректердің/ақпараттың электрондық қорын) енгізеді.