ruenkz

Халықаралық ынтымақтастық

«Қазаэронавигация»  РМК халықаралық қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 

  • Әуе қозғалысын, байланысты, навигацияны, ұшу қауіпсіздігін ұйымдастыру саласындағы халықаралық авиациялық ұйымдардың жұмысына қатысу;
  • Аэронавигациялық қызмет көрсету провайдерлерімен ынтымақтастық;
  • Қазақстан ӘҚҚ әуе кеңістігін пайдаланушылармен (авиакомпаниялармен) өзара іс-қимыл жасау;
  • Кәсіпорынның тиісті халықаралық ұйымдарға мүше болуын қамтамасыз ету;
  • Навигация, бақылау, байланыс құралдарын, метеорологиялық жабдықтарды өндіруші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық;
  • Шетелдік оқу орындарында авиациялық персоналды оқытуды ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасында және шетелде халықаралық іс-шаралар (симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, басқа да оқыту бағдарламалары, тәжірибе алмасу) өткізу бойынша жұмыстар;
  • Шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық туралы жоспарларды, бағдарламаларды және шарттарды орындау және іске асыру; шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықтың нәтижелерін және тиімділігін қадағалау;
  • Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерімен және шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссияларымен өзара іс-қимыл жасау;
  • Халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша шетелдік делегацияларды және жекелеген шетелдіктерді қабылдауды ұйымдастыруға қатысу;
  • Шетелдік серіктестер және ұйымдармен сыртқы байланыстарды дамыту бойынша перспективалық жоспарлауды жүзеге асыру.

 

Ынтымақтастық туралы халықаралық меморандумдар:

  1. «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен «Германияның әуе қозғалысын басқару» ЖШҚ (DFS Deutsche Flugsicherung GmbH)  арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум – 17.03.2008;
  2. «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен «Армаэронавигация» ЖАҚ арасындағы ынтымақтастық және серіктестік туралы меморандум – 02.09.2012;
  3. «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Украинаның әуе қозғалысына қызмет көрсететін мемлекеттік кәсіпорны (Украэрорух) арасындағы ынтымақтастық және серіктестік туралы меморандум – қаңтар 2014;
  4. «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (ИАТА)  арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум – 10.09. 2014;
  5. «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен  Joint Aviation Authorities Training Organisation (JAA TO) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум – 17.07.2014. 
  6. «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Fly Level  компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум – 23.02.2015;
  7. «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Мемлекетаралық авиация комитеті (МАК) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум  – 2017;
  8. «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен  Францияның Азаматтық авиация басқармасының басшылығымен Француз мемлекеттік институты (ENAC)  арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум  – 10.2017;
  9. «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен  Польша аэронавигациялық қызмет көрсету агенттігі (PANSA) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум  – 06.09.2017;
  10. «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Frequentis AG арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум  – 23.10.2012;
  11. «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Entry Point North AB (EPN) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум – 13.03.2019. 

 

Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдар:

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы

(ICAO — International Civil Aviation Organization)

Азаматтық авиацияның халықаралық нормаларын белгілейтін және қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру мақсатында оның дамуын үйлестіретін БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі.

ИКАО  «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның» негізінде құрылған.  Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы ИКАО болып есептелмейді.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы 1944 жылғы  Чикаго конвенциясының ІІ бөлімінің негізінде құрылған. 1947 жылдан бері жұмыс жасайды. Штаб-пәтері Канаданың Монреал қаласында орналасқан. КСРО ИКАО мүшелігіне 1970 жылғы 14 қарашада кірді.

ИКАО мақсаты халықтың қауіпсіз, жүйелі, тиімді және үнемді  халықаралық әуе көлігіне деген сұраныстарын қанағаттандыру және әлемде халықаралық азаматтық авиацияның қауіпсіз және жүйеленген дамуын қамтамасыз ету болып табылады.  Ол ұшақтарды бейбіт мақсатта жобалауды және пайдалануды, сондай - ақ әуе желілерін, әуежайларды және навигациялық жабдықтарды құруды және дамытуды қолдайды.  

Қазақстанның оның құрамына кірген жылы - 1992 ж.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы, ИАТА

(International Air Transport Association, сокр. IATA)

ИАТА 1919 жылы Гаагада құрылған Халықаралық әуе қозғалысы қауымдастығының  мұрагері болып табылады – әлемдегі алғашқы халықаралық жоспарланған көлік қызметі іске қосылған жылы.

ИАТА қызметінің негізгі бағыттарының бірі  авиабилеттердің бейтарап бланкілерінде тасымалдарды сату жүйесіне негізделген әуе көлігі субъектілері арасында өзара есеп айырысуды ұйымдастыру болып табылады.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы 2007 жылдан бастап электронды билеттерді қолдана отырып, әуе тасымалдарын сатуға толық көшу туралы жариялады.

ИАТА топтастыру үшін әуежайларға, авиакомпанияларға  және ұшақ түрлеріне кодтарды береді.

Серіктестік туралы меморандумға қол қойылған жыл 2014 жылдың 10 қыркүйегінен бастап.

«Еуразия» үйлестіру кеңесі

(Coordination Council "Eurasia")

ANSP әуе кеңістігін пайдалану және әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі 7 ұлттық орган басшыларының үйлестіру Кеңесі, 1999 жылы құрылған.

Құру мақсаты - шектес мемлекеттердің ӘҚҰ/ӘҚЖҰ органдары арасындағы мәселелерді шешуде жеделдікті арттыру, әуе қозғалысын ұйымдастыру саласында мемлекеттік реттеу жөнінде ұлттық авиациялық әкімшіліктері үшін келісілген ұсыныстар әзірлеу.

«Еуразия» ҮК-нің негізгі міндеттері:

  1. әуе қозғалысы ағымын және оғаны қызмет көрсетуді ұйымдастыру саласындағы іс-әрекеттерді үйлестіру; 
  2. әуе қозғалысы органдары мен ұйымдары, шектес мемлекеттердің әуе қозғалысын жоспарлау ұйымдары арасындағы өзара қарым-қатынасты жетілдіру; 
  3. ұлттық аэронавигациялық жүйелерді дамыту бойынша келісілген шараларды әзірлеу және авиациялық әкімшіліктерге ұсыну; 
  4. халықаралық әуе трассаларының құрылымын дамыту, персоналды кәсіби даярлау және әуе қозғалысын ұйымдастыру жүйелерін техникалық қамтамасыз ету бойынша үйлестірілген саясат жөніндегі шараларды айқындау.

«Еуразия» Үйлестіру Кеңесінің Кеңесі:

  • Қазіргі мүшелері; 
  • Тұрақты бақылаушылар.

Азаматтық аэронавигациялық қызмет көрсету ұйымы (КАНСО)

(Civil Air Navigation Services Organisation (CANSO))

1998 жылы негізі құрылған, бүкіл әлемдегі аэронавигациялық қызмет көрсету провайдерлерінің мүддесін білдіреді.

КАНСО-ның міндеті қауіпсіз, тиімді және шығын тұрғысынан орынды қызмет көрсетуге басты назар қоя отырып, азаматтық аэронавигация қызметін пайдаланушы клиент пен қатысушы үшін ғаламдық плацдармды қамтамасыз ету болып табылады.

2002 жылғы мамыр айынан бастап мүшелікке кірді.

Еуропалық әуе навигациясының қауіпсіздік ұйымы

(European Organisation for the Safety of Air Navigation (EUROCONTROL))

Еуропалық әуе навигациясының қауіпсіздік ұйымы (Еуробақылау) 1960 жылы жоғарғы әуе кеңістігінде әуе қозғалысын бақылау үшін құрылған, бүгінгі күні Еуропада келісілген және үйлестірілген әуе қозғалысын басқару жүйесін дамытуды маңызды мақсат етіп қойып отыр.

Еуробақылауға 25 мемлекет кіреді: Германия, Бельгия, Франция, Люксембург, Нидерланд, Ұлыбритания, Ирландия, Португалия, Грекия, Түркия, Мальта, Кипр, Венгрия, Швейцария, Австрия, Норвегия, Дания, Словения, Швеция, Чехия, Италия, Румыния, Словакия, Испания және Хорватия.

Аса маңызды міндеттері:

  • азаматтық авиация мәселелері бойынша Еуропалық Конференцияға жататын мемлекеттер атынан Еуропада әуе қозғалысын басқаруды келісу және біріктіру бағдарламасын енгізу бойынша басшылық ету;
  • Еропаның әуе кеңістігін оңтайлы пайдалану және әуе қозғалысындағы шамадан тыс жүктеменің алдын алу мақсатында бірыңғай ӘҚБ органы арқылы әрекет ету;
  • бүкіл Еуропа бойынша ӘҚБ жүйесін үйлестіруді жақсарту мақсатында қысқа мерзімді іс-қимылдарды және ұзақтығы орташа іс-қимылдарды қабылдау;

Еуропада әуе қозғалысын басқаруда өткізу қабілетін арттыру мүмкіндіктерін зерттеу және дамыту бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.

Халықаралық авиациялық диспетчерлер қауымдастығының федерациясы

(International federation of Air Traffic Controllers Associations (IFATCA))

Бүкіл әлемдегі кәсіби авиадиспетчерлер қауымдастығын біріктіреді, 50000 астам авиадиспетчердің біріктірілген мүшелігімен жалпы алғанда осындай 130 ұйым.

Федерация Швейцарияда тіркелген, бірақ тұрақты кеңсесі Монреальда, Канада, сақталады.

Федерацияның мақсатына қауіпсіздікті, халықаралық аэронавигацияның тиімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, әуе қозғалысын, жүйелерді, рәсімдер мен объектілерді басқаруды дамытуға көмектесу және авиадиспетчерлер арасында білім деңгейі мен кәсіби тиімділігін арттыру кіреді.  

Ұлттық және халықаралық авиациялық билік орындарымен тығыз қарым-қатынас жасайды.

Түпкі мақсаты дүниежүзілік авиациялық диспетчерлер қауымдастығының федерациясы болып табылады.

«Қазаэронавигация» РМК 1997 жылдан 2012 жылға дейін Халықаралық авиациялық диспетчерлер қауымдастығының федерациясына (ИФАТКА) мүше болды, 2012 жылдан 2014 жылға дейін ИФАТКА мүшелігінен бас тартты, алайда 2014 жылғы 9 мамырдан бастап қайта ИФАТКА мүшелігіне кірді.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым

(WMO – World Meteorological Organization)

Құрамына 192 мемлекет кіретін Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі. Ұйымның мандатына метеорология (ауа райы мен климат), жедел гидрология және сабақтас геофизикалық ғылымдар мәселелері кіреді. 1950 жылғы 23 наурызда құрылған. Штаб-пәтері Женевада, Швейцария.

ДМҰ бастауын Халықаралық метеорологиялық ұйымнан алады (1873 жылы негізі қаланған ХМҰ).

Ұйым БҰҰ жүйесінің Жер атмосферасының жай-күйі мен әрекеті, оның құрлықпен және мұхиттармен өзара әрекеттестігі, ол түзетін ауа райы мен климаты, және су ресурстарын түпкілікті бөлу мәселелері бойынша беделді ақпарат көзі ретінде қызмет етеді. 

Құрылған кезінен бері ДМҰ адамзаттың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуде бірегей маңызды рөл атқарып келеді.

Қазақстанның оның құрамына кірген жылы – 1993 жылғы 13 сәуір.

ICAO TRAINAIR PLUS бағдарламасы

2014 жылдың қаңтарында құрылған авиациялық персоналды даярлау жөніндегі ИКАО-ның ғаламдық кеңсесі кадрларды даярлауға байланысты ИКАО-ның барлық іс-шараларының байланыс орталығы болып табылады. Ол ИКАО-ның кадрларды даярлау саласындағы саясатын тиімді, пәрменді және келісілген түрде іске асырылуын қамтамасыз ете отырып,  авиациялық дайындық саласындағы ИКАО-ның барлық оқу іс-шараларының жоспарлануына, басқарылуына және үйлестірілуіне жауап береді.  

TRAINAIR PLUS – бұл ИКАО талаптарына сәйкес дайындалған, оқу материалдарын әзірлеуде бірлесіп жұмыс істейтін оқу ұйымдары мен салалық серіктестердің бірлескен бағдарламасы. ИКАО TRAINAIR PLUS бағдарламасы ғаламдық әуе көлігінің қауіпсіз, сенімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында оқыту саласындағы ынтымақтастыққа ықпал етеді.

TRAINAIR PLUS бағдарламасының миссиясы – бүкіл әлемде авиациялық персоналдың құзыреттілігін және оларды оқытудың жоғары стандарттарын ең аз шығынмен белгілеу, қолдау және мониторингілеу.  

«Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығы 2016 жылдан бастап TRAINAIR PLUS ICAO бағдарламасының Толық құқықты мүшесі болып табылады, 2020 жылғы ақпанда расталған. Бұл мәртебе КДО-ны ICAO стандарттарына сәйкес келетін халықаралық авиациялық оқу орталығы ретінде мойындайды. 2020 жылғы желтоқсан айынан бастап «Қазаэронавигация» РМК дауыс беру қорытындысы бойынша 3 жылдық кезеңге TRAINAIR PLUS ICAO Басшылық комитетінің мүшесі болып сайланды.