ruenkz

WGS-84 координаталар жүйесі

Жер бедері мен кедергілер туралы электрондық деректер мынадай салаларда пайдаланылады:

  1. жермен қауіпті жақындау туралы ескерту жүйесі (GPWS борттық жүйесі);
  2. MSAW ең төменгі қауіпсіз абсолюттік биіктік туралы ескерту (ӘҚБ АЖ жүйесінде қолданылады);
  3. қиын метеожағдайларда мәжбүрлі түрде авариялық қонған кезде алаңды таңдау (борттық жүйе);
  4. ұшып шығу, ұшып келу және қонуға кіру әуеайлақтық рәсімдерінің дизайны;
  5. синтетикалық көзбен шолу (жаттығу құрылғылары);
  6. жер үсті қозғалысын басқарудың әуеайлақтық жүйелері;
  7. әуеайлақ маңы аумағында кедергілерді шектеу және жою.

Жоғарыда аталған ICAO стандарттарына сәйкестендіру мақсатында «Қазаэронавигация» РМК-ның тапсырысы бойынша ҚР әуайлақтарында жер үсті геодезиялық түсіру, әуеден лазерлік сканерлеу және навигациялық элементтерді аэрофототүсіру жасалды. 2015 жылғы 
02 ақпандағы жағдай бойынша жер үсті геодезиялық түсіру, әуеден лазерлік сканерлеу және навигациялық элементтерді аэрофототүсіру WGS-84 Дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесін ҚР азаматтық авиациясында енгізу жобасымен көзделген Қазақстан Республикасының барлық 20 әуеайлағында аяқталды.

Қазіргі уақытта, алынған деректердің негізінде Астана мен Алматы әуеайлақтары үшін ұшып шығу, ұшып келу және қонуға кіру схемаларын қайта есептеу жүргізіліп жатыр. WGS-84 координаталар жүйесінде Астана мен Алматы әуеайлақтарына арналған аэронавигациялық деректерді жариялау 01/15 АИП-ке түзетулермен көзделген, 2015 жылғы 30 сәуірде қолданысқа енгізіледі. Қалған әуеайлақтар бойынша әуеайлақтық схемаларды қайта есептеу және аэронавигациялық деректерді WGS-84 координаталар жүйесінде жариялау жұмыстарының толық аяқталуы 2016 жылдың соңына дейін жоспарланған.

WGS-84 координаталар жүйесінде аэронавигациялық деректердің бар болуы Сипаттамаларға негізделген навигацияны (PBN) енгізу үшін қажетті талап болып табылады.