Аэронавигациялық ақпараттың деректер қоры
Аэронавигациялық ақпаратты Халықаралық деректер қорында орналастыру бойынша талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасында көзделген.
Жоғарыда аталған талаптар негізінде, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша кәсіпорын басшылығы Аэронавигациялық ақпарат қызметінің Еуропалық деректер қорындағы (EAD) Қазақстан Республикасының аэронавигациялық деректерін көшіру (орналастыру) туралы шешімді қабылдады.
2014 жылғы 13 қарашада көшіру процесі толығымен аяқталды.
2015 жылғы 02 ақпандағы жағдай бойынша EAD-де мыналар қамтылған:
- 165 мемлекеттің динамикалық аэронавигациялық деректері (НОТАМ)
- 132 мемлекеттің статикалық аэронавигациялық деректері
- 50 мемлекеттің аэронавигациялық ақпарат жинағы (АИП)