ruenkz

Басшылық

Фаат Фаритұлы Богдашкин

Бас директор

2025 жылғы 25 шілдеден басап «Қазаэронавигация» РМК бас директоры болып жұмыс істейді.

2014 жылғы 16 қазаннан бастап «Қазаэронавигация» РМК бас директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істейді.

1999 - 2014 жылдары - ӘҚБ АЖ орталығының бастығы, ӘҚҚ басқармасының бастығы, ӘҚҰ жөніндегі дирекциясының директоры, әуе қозғалысын жоспарлау бөлімінің бастығы, «Қазаэронавигация» РМК бас директорының орынбасары.

1995 - 1998 жылдары - «Қазаэронавигация» РМК Алматы филиалының директоры болды.

1980 - 1995 жылдары - диспетчер, аға диспетчер, әуежай бастығының қозғалыс жөніндегі орынбасары, ұшу басшысы - Алматы ААҚ қызмет бастығы лауазымдарын атқарды.

РФ Чита облысының Давенда кентінде дүниеге келген. Азаматтық авиация академиясын (Ленинград қаласы) қозғалысты басқару жөніндегі инженер мамандығы бойынша бітірген.   

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, «Құрметті авиатор» төсбелгісімен марапатталған.

ТолығырақЖасыру

Шулембеков Серик Амангельдиевич

Бас директорының бірінші орынбасары

Ленин орденді Азаматтық Авиация Академиясын (Г. Ленинград) «Әуе көлігін пайдалану» мамандығы бойынша бітірген, «Қозғалысты басқару инженері» біліктілігі берілген.

1999-2024 жылдар аралығында «Қазаэронавигация» РМК-да атқарған лауазымдары:

-Балқаш ӘҚҰ ауданының директоры;

-Семей ӘҚҰА ауданының директоры;

-Алматы ӘҚБ АЖ орталығы директорының орынбасары;

-Жиынтық-өндірістік басқармасы бастығының орынбасары;

-Директордың өндіріс жөніндегі орынбасары;

-ӘҚҰ басқармасының ӘҚЖ БО бастығы;

-Әуе қозғалысын шұғыл жоспарлау және бақылау бөлімнің бастығы;

-«ОШ ӘҚҰ ӨО» филиалы директорының орынбасары;

-«ОҚ ӘҚҰ ӨО» филиалының директоры;

-ӘҚҰ жөніндегі департамент директоры;

-2024 жылғы мамыр айынан бастап «Қазаэронавигация» РМК бас директорының кеңесшісі;

-2025 жылғы 19 тамыздан бастап «Қазаэронавигация» РМК бас директорының бірінші орынбасары.

«Құрметті Авиатор» төсбелгісімен марапатталған;

Астана қаласының 20 жылдығына арналған медальмен марапатталған;

«Қазаэронавигация» РМК 20 жылдығы төсбелгісімен марапатталған.

 

 

ТолығырақЖасыру

Ислямов Аян Ерикович

Бас директордың орынбасары – авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы

1985 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысының тумасы.
2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2008–2011 жылдар аралығында квазимемлекеттік секторда заңгер болып жұмыс істеді.
2011–2025 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2025 жылдың маусым айынан бастап Бас директордың орынбасары – авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы болып тағайындалды.

ТолығырақЖасыру

Жумагалиев Ерлан Мажитович

Бас директордың аса маңызды ұшулар жөніндегі орынбасары

1984 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

2005-2024 жылдар аралығында ҚР мемлекеттік органдарында түрлі лауазымдарды атқарған.

2025 жылдың қаңтар айынан бастап - бас директордың аса маңызды ұшулар жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

ТолығырақЖасыру

Ардақ Тұлтайұлы Өтепов

Бас директордың орынбасары

1984 жылы Целиноград (Астана) қаласында дүниеге келген. Туған қаласында Басқару институтын, Алматыдағы Азаматтық авиация академиясын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Азаматтық авиация комитетінің Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасы авиациялық қауіпсіздік бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2010 - 2011 жылдары Азаматтық авиация комитетінің Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқарманың сарапшысы қызметін атқарды.

2011 - 2014 жылдары  Азаматтық авиация комитетінің халықаралық қатынастар басқармасының бастығы қызметін атқарды.

2014 жылдан бастап 2020 жылдың қаңтар айына дейін стратегиялық жоспарлау және сапа департаментінің ғылыми-техникалық ақпарат бөлімінің бастығы, «Қазаэронавигация» РМК стратегиялық жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

2020 жылғы қаңтар мен 2023 жылғы тамыз аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары.

2023 жылғы  тамыздан бастап  «Қазаэронавигация» РМК бас директорының орынбасары.

 

ТолығырақЖасыру