Филиалдар
Өңірлік орталықтар
Әуе қозғалысын ұйымдастырудың ұлттық жүйесі Астана, Алматы, Ақтөбе, қалаларындағы үш әуе қозғалысын автоматтандырылған басқару өңірлік орталығынан тұрады.
Әуе қозғалысын басқарудың заманауи базалық автоматтандырылған жүйесі ретінде қазіргі заманғы функционалдық және техникалық талаптарға сәйкес келетін «SkyLine» (АҚШ) әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі таңдап алынды. Қазіргі уақытта осы жүйелермен Астана, Алматы және Ақтөбе әуе қозғалысын басқару автоматтандырылған жүйесінің орталықтары және әуеайлақ аудандарының барлық диспетчерлік пункттері жабдықталған.
Астана қаласындағы әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі орталығының жауапкершілік аймағы 1 млн.км2 құрайды. Аудан төрт секторға бөлінген, 7 әуеайлақ бар. Астана әуе қозғалысын автоматтандырылған басқару орталығына 16 радиолокациялық кешен біріктірілген, жалпы ұзындығы 32 284 км 37 әуе трассасы және көршілес мемлекеттермен шекарадағы 10 дәліз орталықтың бақылауында.
Ақтөбе қаласындағы әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі орталығының жауапкершілік аймағы 879 914 км2, ол 5 секторға бөлінген,12 біріктірілген радиолокаторы бар 4 әуеайлағы бар. Орталық арқылы жалпы ұзындығы 19 300 км 29 әуе трассасы және көрші мемлекеттермен 22 әуе дәлізі өтеді.
2010-2012 жылдары Алматы қаласында 30 жұмыс орны және 6 қашықтағы мұнарасы бар әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі орталығы ұйымдастырылды. Орталықтың жауапкершілік аймағы 1 млн 50 мың км2 қамтиды.
Функционалдық мүмкіндіктерді жаңадан пайда болған талаптарға сәйкес келтіру үшін барлық орталықтардың бағдарламалық жасақтамалары жаңартылды:
RVSM (300м) қолдану арқылы жаңа тік эшелондау жүйесіне көшу;
ADS-B станцияларынан ақпаратты өңдеу;
2012 флайт-жоспарының жаңа форматын енгізу;
WGS-84 координаталар жүйесін енгізу.