ruenkz

Компания туралы

«ҚАЗАЭРОНАВИГАЦИЯ» РМК

  • Құрылған күні – 1995 жыл
  • Бақыланатын әуе кеңістігі – 2 868 380 ш. км
  • Әуе трассаларының жалпы ұзақтығы – 111 781   км
  • Көршілес мемлекеттермен әуе дәліздері – 74
  • Орташа алғанда, жылына шамамен 415 мың ұшуға қызмет көрсетіледі
  • Тәулік сайын 1 320-дан астам әуе кемесі бақыланады (қауырт кезеңдерде).

 

Миссиясы                                                                                              Пайымы                

Халықаралық стандарттарға сәйкес әуе                                        Еуразиялық өңірдегі ең тиімді аэронавигациялық

қозғалысына  қауіпсіз және сапалы аэронавигациялық               қызмет көрсету провайдері (2025 жылға қарай).

қызмет көрсету және азаматтық авиация саласының

дамуына атсалысу.

 

Қызмет бағыты

  • Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде және әуеайлақ аудандарында әуе қозғалысын жоспарлау және оған қызмет көрсету
  • Ұшуды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз етуді пайдалану
  • ҚР әуе кеңістігін пайдаланушыларын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету
  • Ұшу қауіпсіздігін басқару
  • Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
  • Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету
  • Азаматтық авиация саласы жұмыскерлерін бастапқы даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру
  • Авиамедициналық қызмет, азаматтық авиация саласының авиациялық персоналын куәландыру

 

Даму стратегиясы

Азаматтық авиацияны дамытудың қазіргі деңгейі және перспективалары бүкіл әлемде Кәсіпорынның алдына әуе кеңістігін пайдалануды жетілдіру және әуе кеңістігін ұйымдастыру, ұшу қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, елдің аэронавигациялық жүйесінде жаңа технологияларды  енгізу бойынша жаңа міндеттерді қояды. Осы жаңа міндеттерді шешу үшін 2015 жылғы желтоқсан айында Кәсіпорынның 2025 жылға дейінгі Даму бағдарламасы қабылданды.

 

Даму мақсаттары мен міндеттері:

1-мақсат. ҚР әуе кеңістігі пайдаланушыларының пайдалану шығындарын төмендету

  • Қазақстан Республикасы әуеайлақтырының қолжетімділігін арттыру
  • Биіктікті төмендету және биіктікті алу схемаларын оңтайландыру есебінен ұшулардың пайдалану тиімділігін арттыру
  • ҚР әуе кеңістігін пайдалану қолайлылығын күшейту.

​2-мақсатАэронавигациялық қызмет көрсету сапасын жақсарту

  • Бақылаудың перспективалы әдістерін енгізу
  • Ұшуды басқару жүйесін дамыту
  • Аэронавигациялық ақпаратты басқару жүйесін дамыту

3-мақсатКәсіпорынның экономикалық тиімділігін күшейту

  • Тиімді тарифтік, бюджеттік және инвестициялық саясаттарды жүргізу
  • Мамандандырылған орталықтарды дамыту.

 

           Күтілетін нәтижелер:

  • Ұшу-қону операцияларын орындау кезіндегі жыл сайынғы отын тиімділігі – 2% (2019 жылдан бастап);
  • Өнімділігі аз ұшуды 2025 жылға қарай 1,5%-ға төмендету;
  • Маршрутта көлденең ұшу тиімділігін 2025 жылға қарай 10%-ға ұлғайту;
  • Транзиттік ағынды 2025 жылға қарай 10%-ға.