Қызметкерлерді оқыту
Қазаэронавигация» РМК қызметкерлерін оқыту және дамыту кәсіпорынды стратегиялық дамыту талаптары мен болашағы ескеріле отырып, қызметкерлер біліктілігінің қажетті деңгейін қалыптастыру және қолдау мақсатында жүзеге асырылады.
Қызметкерлерді оқытуға жұмсалған қаражат кәсіпорынның адам ресурстарын дамытуға арналған ұзақ мерзімді инвестиция болып табылады.
Кәсіпорынның қызметкерлерді оқыту және дамыту саласындағы міндеттері:
- оқыту қажеттілігін анықтау, жоспарлау және бюджеттеу, оқуды ұйымдастыру және оның тиімділігін бақылауды қамтитын оқыту жүйесін әзірлеу және енгізу;
- кәсіпорынның бизнес-үдерістерінің ерекшелігіне сәйкес корпоративтік оқытуды құру;
- корпоративтік оқыту стандарттарын қалыптастыру;
- қызметкерлерді оқыту және дамыту барысында үздік әлемдік тәжірибені, білімді, еңбекті ұйымдастырудың тиімді әдістерін пайдалану;
- оқыту барысында қызметкерлерді жалпы дамыту: ішкі үйретушілер, тәлімгерлер институтын қалыптастыру, басқару қорын дамыту, корпоративтік мәдениет деңгейін арттыру;
- қызметкерлерді жұмыстың тиімділігін арттыруға бағыттау.
Кәсіпорын қызметкерлерін оқыту және дамыту төмендегідей қағидаттарға негізделеді:
- жүйелілік – кәсіби оқыту және кәсіби даму жүйесінің барлық элементтері кәсіпорынның стратегиялық мақсатына бағынуға тиіс;
- қарқындылық пен икемділік – кәсіпорынның мақсаттарын түзету және міндеттерін өзгерту оқытудың мақсаттары, бағыттары, басымдылықтары, әдістері мен нысандарын өзгертуге тиіс;
- жүйелілік пен үздіксіздік – оқыту мен дамыту қайта-қайта емес, жүйелі, жоспарлы сипатта болуға тиіс;
- нәтижелілік – оқыту мен дамыту қол жеткізілген нәтижелерді бағалаудың айқын өлшенген белгілермен жүргізілуге тиіс;
- тәжірибелік бағыттау – оқыту мен дамыту ең біріншіден кәсіби және іскерлік дағдыларды қалыптастыруға бағытталуға тиіс;
- бірлескен жауапкершілік – оқыту тиімділігіне оқитын қызметкер, құрылымдық бөлімшенің басшысы, кәсіби даярлау орталығы, қызметкерлерді басқару және әлеуметтік мәселелер департаменті жауап береді.
Қазаэронавигация» РМК-ға бастапқы оқытуға қабылдау тәртібі
Аэронавигация саласының мамандарын бастапқы даярлау
Авиация саласының бүкіл әлемде қарқынды дамуына және Қазақстан үшін оның маңыздылығына қарамастан, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында кәсіби авиация мамандарының жетіспеушілігі байқалады.
«Қазаэронавигация» РМК қолданып отырған кадрлық саясат Кәсіпорын қаражаты есебінен өзінің Алматы қаласындағы Кәсіби дайындау орталығында да, шетелдік авиациялық оқу орталықтарында да жас мамандарды даярлау жолымен аэронавигация саласын қолдауға мүмкіндік береді.
Біз бастапқы даярлау курстарына іріктеу бойынша өзіміздің кешенді жеке жүйемізді әзірлеп, бастапқы даярлау курстарына тыңдаушыларды қабылдаудың тиісті талаптары мен тәртібін бекіттік.