Халықаралық азаматтық авиация ұйымы
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО ағыл. ICAO— International Civil Aviation Organization) — азаматтық авиацияның халықаралық нормаларын белгілейтін және қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру мақсатында оның дамуын үйлестіретін ООН мамандандырылған мекемесі.
ИКАО «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның» негізінде құрылған. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) ИКАО болып есептелмейді.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы 1944 жылғы Чикаго конвенциясының ІІ бөлімінің қағидалары негізінде құрылған. 1947 жылдан бері жұмыс жасайды. Штаб-пәтері Канаданың Монреаль қаласында орналасқан. КСРО ИКАО мүшелігіне 1970 жылғы 14 қарашада кірді.
ИКАО жарғылық мақсаты бүкіл әлемде халықаралық азаматтық авиацияның қауіпсіз, қалыпты дамуын және барлық азаматтық авиация мәселелері, соның ішінде халықаралық тасымалдау бойынша халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және үйлестіру аспектілерін қамтамасыз ету болып табылады. ИКАО қағидаларына сәйкес халықаралық әуе кеңістігі ұшу ақпараты аудандарына бөлінген – шекаралары әуе қозғалысын бақылау және навигация құралдарының мүмкіндіктері ескеріле отырып белгіленеді. ИКАО негізгі қызметтерінің бірі әлемнің әуежайларына төрт әріпті жеке кодтарды – әуежайлар бойынша аэронавигациялық және метеорологиялық ақпаратты, ұшу жоспарларын (flight-plans) және радионавигациялық карталарда азаматтық әуеайлақтардың белгілерін және т.б. беру үшін пайдаланылатын идентификаторларды беру болып табылады.
ресми сайт www.icao.int