Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы, ИАТА
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы, ИАТА (ағыл. International Air Transport Association, қысқ. IATA) халықаралық үкіметтік емес ұйым. Штаб-пәтер Монреаль қаласында (Канада) орналасқан. Еуропалық орталығы —Женева қаласында (Швейцария). ИАТА-ның бүкіл әлем бойынша 101 өкілдігі бар.
ИАТА International Air Traffic Association атауымен авиакомпаниялар одағы ретінде Гаага қаласында (Нидерланды) 1919 жылғы 28 тамызда ұйымдастырылған. Оның мақсаты адамдар мен жүктерді әуеде тасымалдауды қауіпсіз, тұрақты және тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ халықаралық әуе тасымалына қатысатын барлық кәсіпорындардың бірлескен жұмысына қатысу болатын. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұйымдастырылған қауымдастықтың жұмысы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тоқтатылды.
Оның жұмысын 1945 жылдың сәуір айында Гавана қаласында (Куба) құрылған International Air Transport Association жалғастырды. Осы уақытта оның құрамында негізінен Еуропа және солтүстік Америкадан 31 елдің 57 мүшесі болды.
2006 жылғы 27 наурызда ИАТА мүшелері барлық халықаралық рейстердің 94% жүзеге асыратын 265 авиакомпания болып табылады.
Қауымдастық ұшу қауіпсіздігін, ұшу өндірісін, ұшуды жүзеге асыруды, тарифтік саясатты, техникалық қызмет көрсетуді, авиациялық қауіпсіздікті, ИКАО-мен бірлесіп халықаралық стандарттарды әзірлеу және т.б. сияқты салалардағы авиакөлік саласын ұйымдастырушы және мүддесін білдіруші ретінде жұмыс жасайды.
ИАТА қызметінің негізгі бағыттарының бірі авиабилеттердің бейтарап бланкілерінде тасымалдарды сату жүйесіне негізделген, әуе көлігі субъектілерінің арасында өзара есеп айырысуды ұйымдастыру болып табылады. 1948 жылы авиакомпаниялар арасында өзара есеп айырысу жүргізуді қамтамасыз ететін Клирингтік палата IATA (ағыл. IATA Clearing House) өз жұмысын бастады. Ал 1972 жылы BSP IATA авиабилеттерін сатудың әлемдік бейтарап ортасы құрылды, ол кейінен АҚШ (ең бірінші өз ARC жүйесін құрған, кейіннен BSP құрылуына негіз болған) пен ТМД елдерінен (Молдавияны қоспағанда) басқа, әлемнің бүкіл әуе көлігін қамтыды.
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы 2007 жылы электронды билеттерді пайдалана отырып авиатасымалдауды сатуға толық ауысу туралы жариялады.
ИАТА топтастыру үшін әуежайларға, авиакомпанияларға және ұшақ түрлеріне кодтарды береді.
Ресми сайт www.iata.org