ruenkz

AIXM— аэронавигациялық ақпаратпен алмасу үлгісі

Деректер базасы арасында цифрлық түрде аэронавигациялық ақпаратты басқару және бөлу үшін әзірленген.

AIXM форматы аэронавигациялық ақпараттың деректер базасына тіркеулі белгілі бір құрылымның  XML форматындағы файл түрінде беріледі. 

AIXM 5 нұсқасына AIXM 4.5 нұсқасының және аэронавигациялық ақпарат саласындағы заманға сай стандарттардың артықшылықтары кірген, аэронавигациялық ақпарат жүйесіндегі ағымдағы және болашақтағы талаптарды қамтиды.

Басты қағидалар:

  • НОТАМ уақытша ақпаратын қолдауды қосқанда уақытша сипаттағы толық қамтылған үлгі;
  • GML пайдалануды қосқанда геодезиялық ақпаратқа арналған ISO стандарттарымен үйлестіру;
  • Әуеайлақтардың кедергілерін, жақындау процедуралары мен деректер базасын қосқанда аэронавигациялық ақпараттарға ИКАО соңғы талаптарын  және пайдаланушылық талаптарды қолдау. 
  • Аэронавигациялық ақпараттар мен қосымша деректерді беруге қойылатын ағымдағы және болашақтағы талаптарға арналған үлгішеңдік және кеңейгіштік.