Әлеуметтік жауапкершілік
Кәсіпорын алғашқы жұмыс істеген күнінен бастап жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізіп қана қоймай, аэронавигацияның, корпоративтік басқарудың және кадрлық әлеуетті дамытудың әлемдік алдыңғы қатардағы тәжірибесін пайдалана отырып, өз жұмысын барынша тиімді түрде ұйымдастыруға, жұмыстың сапалы құрылымын қалыптастыруға талпынды.
Кәсіпорын қысқа мерзімнің ішінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Қолданыстағы ресурстар базасында оңтайлы өндірістік тәсілдер ретке келтірілді, жоспарлаудың ұтымды жүйелері енгізілді, аэронавигация үшін ғана емес, еліміздің барлық экономикасы үшін үлкен маңызы бар перспективалық бірлескен және жеке жобалар әзірленіп және ойдағыдай іске асырылуда.
«Қазаэронавигация» РМК – біздің қоғамның дамуына елеулі үлес қосып отырған әлеуметтік-жауапты компания. «Қазаэронавигация» РМК-да жас мамандарды материалдық жағынан еңбекке ынталандыруға, орнықтыруға және кәсіби жағынан өсіруге, ардагерлер мен мүгедектерге қамқорлық көрсетуге, сондай-ақ өндірістік қызметке тікелей қатысы жоқ өңірлердің әлеуметтік салаларының басқа да сегменттерін қолдауға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар әзірленген және іске асырылуда.
Кәсіпорын әлеуметтік жауапкершіліктегі рөлін кәсіпорынның негізгі қызметімен тікелей байланысты және кәсіпорынның әлеуметтік саясатына сәйкес заңмен белгіленген минимумдардың шегінен шығатын, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда қоғамның дамуына бизнес бойынша ерікті түрде үлес қосу арқылы атқарады.
Кәсіпорын үшін бизнестегі әлеуметтік аспект іскерлік беделдіктің көрсеткіші ретінде аса маңызды мәнге ие және төмендегілерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін құралдардың бірі болып табылады:
- Барлық тараптармен - мемлекетпен, қызметкерлермен, тұтынушылармен және серіктестермен тиімді және теңгерімді қарым-қатынасты белгілеу;
- Қоғамды жан жақты дамыту (өндіріс мәдениетін, білім және денсаулық сақтау деңгейін арттыру, көрсетілетін қызметтерді дамыту мүмкіндігін құру және өмір сүру сапасын арттыру) арқылы бизнесті ілгері дамытуды қамтамасыз ету.