ruenkz

Еңбекақы төлеу және қызметкерлерді әлеуметтік қолдау

«Қазаэронавигация» РМК қызметкерлерге аэронавигация саласының үздік мамандарын тартуға мүмкіндік беретін, еңбек өнімділігін арттыру үшін жеткілікті уәждемелік әсерге ие, Кәсіпорынның ортақ мақсаттарға қол жеткізудегі әрбір қызметкердің үлесін дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін бәсекеге қабілетті еңбекақы төлеуге және қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуге тырысады.

Осы мақсатта кәсіпорында еңбекақы төлеу және қызметкерлерді әлеуметтік қолдау саласында бірыңғай саясат қалыптасқан.

Бұл ретте біз өз қызметкерлерімізге жоғары талап қоямыз, осылайша «Қазаэронавигация» РМК-да еңбекақы төлеу әрбір қызметкердің жеке үлесінің және орындалған жұмыс сапасының нәтижесі бойынша анықталады.