«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне (бұдан әрі – Заң) сәйкес,
Мен «Қазаэронавигация» РМК-мен және үшінші тұлғаларға, яғни қазіргі уақытта да, болашақта да менің (мен туралы) дербес деректерімді жинау, өңдеу және қорғау бойынша мән-жайлармен немесе құқықтық қатынастармен «Қазаэронавигация» РМК-мен байланысты тұлғаларға осы Келісіммен регламенттелген мақсаттарда және көздерде, оның ішінде «Қазаэронавигация» РМК-ның қалауы бойынша туындаған, бұрыннан бар немесе болашақта туындайтын «Қазаэронавигация» РМК-мен шарттық және өзге де азаматтық-құқықтық қатынастарға байланысты қолжетімді көздерде заңнамаға қайшы келмейтін тәсілдермен төменде келтірілген менің (мен туралы) электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген дербес деректерімді, сондай-ақ оларда болашақта туындайтын өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жинауға, өңдеуге және трансшекаралық беруге, оның ішінде төмендегілерді қоса, бірақ олармен шектелмей:
- шарттық және (немесе) өзге де азаматтық-құқықтық қатынастар туындаған кезде, сондай-ақ осыларды орындау процесінде өзара іс-қимылды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер, сондай-ақ көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар мен құжаттардың көшірмелері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); азаматтығы; жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН); жеке басын куәландыратын құжаттың деректері; туған күні мен жері; бірге тұратын адамдар туралы мәліметтер; әлеуметтік жеңілдіктер мен әлеуметтік мәртебесі туралы деректер; әлеуметтік қолдау шаралары туралы; ұлты, қолы, білімі, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер және т.б;
- байланыста болуға арналған мәліметтер, көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар мен құжаттардың көшірмелері: нақты тұрғылықты жері туралы деректер; тіркелген жерінің мекенжайы туралы деректер; байланыс ақпараты (телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы және т. б.); Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын растайтын құжаттар және т.б.;
- дербес деректер субъектісі өз қалауы бойынша «Қазаэронавигация» РМК-ны таныстыру қажет деп санайтын өзге де мәліметтерді беруге сөзсіз келісім беретінімді растаймын.
Мен төмендегіні растаймын:
- осы Келісім «Қазаэронавигация» РМК-мен барлық қатынастарға, оның ішінде бұрыннан бар және (немесе) осы келісімді беру кезінде туындайтын қатынастарға, сондай-ақ болашақта туындайтын, сондай-ақ к"Қазаэронавигация" РМК-ның оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген құқықтары мен міндеттерін тиісінше орындауы үшін қажетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдер ішінде олар аяқталғаннан кейін де туындайтын келген басқа қатынастарға қолданылады;
- тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), байланыс ақпараты (телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы, тұрғылықты және тіркелген жерінің мекенжайы), портреттік бейнесі (фотосуреті) бар дербес деректер қолжетімді болып табылады, яғни оларға еркін қол жеткізуге болады;
- «Қазаэронавигация» РМК Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда субъектінің келісімінсіз дербес деректерді жинауға, өңдеуге және трансшекаралық беруге құқылы;
- «Қазаэронавигация» РМК заң талаптарын және (немесе) осы Келісімде қол жеткізілген шарттарды сақтаған жағдайда, бұдан әрі менің (мен туралы) дербес деректерімді жинауға, өңдеуге және трансшекаралық беруге қатысты "Қазаэронавигация" РМК-ға қандай да бір қарсылығым жоқ;
- осы келісімнің мақсаттары үшін бас әріптермен жазылған сөздер мен сөз тіркестерінің заңмен регламенттелген мағынасы және (немесе) анықтамасы бар;
- мен осы Келісімнің мәтінін оқыдым, толықтырулар, ескертулер және қарсылықтарым жоқ.