Метеорологиялық қамтамасыз ету және ақпарат басқармасы
«Қазаэронавигация» РМК Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес және «Қазаэронавигация» РМК бас директорының бұйрығына сәйкес 2015 жылғы 11 қарашадан бастап ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етуді «Қазаэронавигация» РМК жүзеге асырады.
Метеорологиялық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының әуе қозғалысына қызмет көрсету аудандары (ӘҚҚА) шегінде ұсынылады. Метеорологиялық қамтамасыз ету ұлттық құжаттың - Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Метеорологиялық ақпаратпен ӘҚҚ қызметтері, әуе кемелерінің экипаждары, әуежай қызметтері, іздестіру-құтқару қызметтері қамтамасыз етіледі.
Филиалдардың метеорологиялық қызметтерінің қызметін үйлестіру үшін метеорологиялық қамтамасыз ету және ақпарат басқармасы құрылды. Басқарманың негізгі міндеттері:
• Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету;
• метеорологиялық жабдықтар мен автоматтандырылған жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
Метеорологиялық қамтамасыз ету және ақпарат басқармасы әдістемелік материал түрінде ұсынылған ИКАО/ДМҰ басшылық құжаттарының негізінде барлық метеорологиялық қызметтердің қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.