Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі
«ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі №339-IV ҚР Заңына сәйкес ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы №173 бұйрығымен бекітілген әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықпен 2012 жылғы маусымда «Қазаэронавигация» РМК-да Кәсіпорында ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін (ҰҚБЖ) ұйымдастыру, енгізу және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі департамент құрылды.
ҰҚБЖ-ны ұйымдастыру және енгізу ӘҚҰ жүйесінің авиациялық оқиғалар мен инциденттердің туындауының жалпы көлеміндегі әсерін төмендету мақсатында қауіпсіздік факторларын (қауіп төндіретін факторларды) бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ұшуды орындау қауіпсіздігімен байланысты тұтас персоналды тартуға, белгіленген деңгейлік көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған.
ҰҚБЖ ұйымдастыру кезінде ұшу қауіпсіздігін басқаруда қажетті ұйымдастырушылық құрылымды, ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша персоналдың жауапкершілігін белгілеуді, басшылыққа алатын принциптер мен процедураларды қамтитын жүйелі тәсіл қолданылады.
ҰҚБЖ негізгі міндеттері:
- ұшу қауіпсіздігі үшін нақты және болуы мүмкін қауіп көздерін анықтау;
- ұшу қауіпсіздігінің тиімді деңгейін қолдау үшін қажетті түзетуші іс-қимылдарды әзірлеу және қабылдау бойынша процестерді ұйымдастыру;
- қамтамасыз етілетін ҰҚ деңгейіне тұрақты түрде мониторинг жүргізу және оны бағалау болып табылады.
Кәсіпорында ҰҚБЖ-ны ұйымдастыру мен енгізу Кәсіпорынның бас директоры бекіткен және ҚР азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органымен келісілген енгізу Жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі департамент персоналын даярлау:
- 10 маман ішкі аудиттерді жүргізу бойынша курстарда оқытылды;
- 6 маман:
- ҰҚБ бойынша кіріспе курсында;
- ҰҚ бағалау және тәуекелдерді төмендету;
- ӘҚҰ кезіндегі адами факторды есепке алу;
- ӘҚҰ кезіндегі авиациялық оқиғаларды тексеру курстарында оқытылды;
- 2015 жылы Еуробақылауда ӘҚҰ жүйесінде өзгерістер болған жағдайда жобаларды бағалау бойынша курстарда 4 маманды даярлау жоспарланған.
ҰҚБЖ құжаттамасы:
- 2014 жылғы 01 желтоқсаннан бастап Ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқаулық (ҰҚБН) қолданысқа енгізілді. ҰҚБН көшірмелері таныстыру үшін Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдар, алыс жердегі орындар) жіберілді.
- ӘҚҚ және РТЖБП қызметтерінің, Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының, алыс жердегі орындарының) жедел персоналы үшін әзірленген «Міндетті хабарлануға тиісті оқиғалар тізбесіне» сәйкес оқиға туралы ақпаратты тарату үшін міндетті хабарламалардың электрондық нысандары, сондай-ақ ерікті хабарлама нысаны әзірленген.
ӘҚБ жөніндегі департаменттің интернет порталы арқылы ҰҚБЖ процесін кезең-кезеңімен автоматтандыру жүргізілетін болады. Қазіргі кезде интернет-порталда ҰҚБЖ негізгі процестері бойынша деректер қорын қалыптастыру жұмысы жүргізілуде. Іске асыру мерзімі – 2015 жылғы 3-тоқсан.