Ұшуды іздестіру-құтқарумен және метеорологиялық қамтамасыз ету жүйесі
ИКАО (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) стандарттары мен ұсыныстарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы №1296 қаулысымен бекітілген ҚР аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етудің ұйымдастыру жүйесі жетілдірілді.
Кәсіпорын базасында Іздестіруді және құтқаруды үйлестіру орталығы құрылды.
Аталған орталық Қазақстан Республикасының аумағында іздестіру-құтқару іс-шараларын жедел жүргізу үшін барлық мүдделі қызметтердің іс-қимылдарын бастапқы түрде үйлестіруді қамтамасыз етеді, атап айтқанда Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелері туралы ақпаратты қабылдайды, авариялық жағдай кезінде кезекші ІҚӘК шығуға пәрмен береді.
2020 жылдан бастап аэронавигациялық қамтамасыз ету қызметін көрсетуші мен азаматтық авиация пайдаланушылары арасында іздестіру-құтқаруды қамтамасыз етуге жасалған шарттарға сәйкес, келесі іздестіру және құтқару аудандарында орналасқан 23 ІҚӘК экипажы күнделікті кезекшілікке түседі: Астана, Ақтөбе, Шалқар, Орал, Атырау, Ақтау, Бейнеу, Көкшетау, Қостанай, Торғай, Петропавл, Павлодар, Балқаш, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Тараз, Шымкент, Алматы (Боролдай), Талдықорған, Өскемен, Семей, Үржар.
Радиотеханикалық және көзбен шолып іздестіруді қамтамасыз ету үшін азаматтық ІҚӘК кезекшілігі күндізгі уақытқа белгіленген.
Қазіргі уақытта өңірлік іздестіру-құтқару жоспарларын жаңарту процедуралары жүргізілуде.