«Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығы
«Біздің мақсат – білікті авиация мамандарын даярлаудың бірыңғай жүйесін құру»
Кәсіби дайындау орталығы (Орталық) жұмыс берушілер мен авиация саласындағы қызметкерлерге заманауи сертификатталған кәсіби дайындау бағдарламаларын ұсынады. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы ИКАО, TRAINAIR PLUS бағдарламасы аясында кәсіби дайындау жаһандық жүйесінің толық құқығы бар қатысушысы ретінде, оқытудың халықаралық стандарттарын насихаттау мен қолданудың негізгі түйінді элементтерін анықтайды.
Бұл TRAINAIR PLUS бағдарламаның толық құқығы бар қатысушы мәртебесімен, курс әзірлеушілерінің ИКАО-мен сертификатталған және осы ұйымда бекітіліп, стандартталған оқу кешендерінің болуын қамтамасыз етеді. Осындай мәртебені бар болғаны 5 оқу орталығы иемденеді, аймаққа жататын Солтүстік Атлант және Еуропалық аймақтық ИКАО бюросы.
Бұл Орталыққа TRAINAIRPLUS бағдарламасының өңірлік оқу орталығы мәртебесін алу үшін өршіл жоспарларды жүзеге асыруға құқық мәртебе береді.
Бұл үшін Орталық мамандарымен орыс және ағылшын тілдерінде STP және CTP курстары (ИКАО ортақ оқу-әдістемелік кешені) дамыды, ИКАО курстарының сенімділікті растайтын құжаттары дайындалды, сонымен бірге кәсіби дайындау орталығы (КДО) TRAINAIRPLUS ИКАО бағдарламасының басқарушы комитетінің мүшесі болып табылады.
«Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығы белгілі серіктес оқу орталықтарында жыл сайын білімдерін жетілдіретін қызметкерлермен және заманауи жабдықтармен, қолайлы аудиториялармен, дамыған ішкі құрылымымен жабдықталған.
Орталық нарықта 2005 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан әр түрлі авиациялық кәсіпорындарда жұмыс істейтін республиканың және көршілес елдердің он мыңнан астам авиация мамандары үшін әр түрлі бағыттар бойынша кәсіби оқуды ұйымдастырды.
Орталық үнемі кеңейтілген көлемдегі және маңызы бар оқу крустарына авиация саласына қатысы бар негізгі мәселелердің көпшілігін қамтиды.
Орталық жұмыс жасауға қолайлы кәсіпорында және тренажерлық жабдықтарында тәжірибелік практикалық оқуға мүмкіндігі бар, тәжірибені пайдалана алуға және 67 бағыт бойынша ерекше білім беру шешімдер мен бағдарламаларын жүзеге асыра алатын авиациялық оқу орталығы болып табылады, оған:
- кәсіпорын персоналын бастапқы даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстары: әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлері, жер үсті радиотехникалық құралдарды пайдалану жөніндегі мамандар, метеорологиялық ақпараттарды қамтамасыз ету және;
- әуе кемелеріне жер үсті қызмет көрсету әр түрлі мамандықтар бойынша, ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ұшқыштар-емтихан алушыларды, әуе кемелеріне ұшуларды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлерді, ұшу-ақпараттық қызмет көрсету мамандарын, авиациялық оқу орталығының нұсқаушыларын, кедергілерді бағалаудан өтушілерді, Азаматтық авиация ұйымдарының басшылары мен азаматтық авиация инспекторларын курстарда дайындау;
- сонымен қатар, адами факторлар бойынша, авиациялық заңнама, сапа менеджменті жүйесі бойынша, авиациялық ағылшын тілі бойынша оқыту жүргізілуде;
- ИКАО шкаласы бойынша жалпы және авиациялық ағылшын тілін білу деңгейін анықтау үшін авиациялық персоналдың біліктілігін тестілеу жүргізілуде.
2020 жылы кәсіби оқу орталығы Орталықтың қашықтықтан оқушы тыңдаушыларына арналған білім беру платформасын әзірлеп, енгізді. Ол сонымен бірге оқу-әдістемелік материалдардың электрондық кітапханасын құруға және жүргізуге мүмкіндік береді.
Орталық үздік халықаралық тәжірибені қолдана отырып, жүйелі түрде ұлттық және халықаралық конференциялар, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырады және өткізеді, JAA TO Еуропаның Біріккен Авиациялық билігі, ENAC азаматтық авиация ұлттық француз мектебі, Чехия аэронавигациялық институты, Сингапур авиациялық академиясы, DFS академиясы сияқты осындай танымал оқу орталықтарымен авиациялық оқу бойынша қызметтерін халықаралық жеткізушілермен серіктестік және іскерлік қатынастар орнатады. Орталық Азаматтық авиация және әуе кеңістігін пайдалану туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің авиация мамандарын даярлау жөніндегі Мемлекетаралық авиациялық комитетінің (МАК) жанындағы Үйлестіру кеңесінің (ҮК) мүшесі болып табылады.
«Қазаэронавигация» РМК Кәсіби оқыту орталығы Алматы қаласында орналасқан. Орталықтың жалпы саны – 33 адам, орталықтың жұмысын директор басқарады. Жұмысты анықтап, бағалайтын «Қазаэронавигация» РМК басшылығы.
Құрылымдық бөлімшелер. Орталық жұмысы:
- Теориялық дайындық және бағдарламаны әзірлеу бөлімі
- Жаттықтыру құрылғысында оқыту бөлімі
- Дамыту және тілдік оқыту бөлімі.
КДО сапасын қамтамасыз ету жүйесі авиациялық персоналдың кәсіби дайындығының сапасын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық азаматтық авиация ұйымының саясатына сәйкес құрастырылған. Сонымен бірге 2015 жылғы 24 ақпандағы №158 «Авиациялық оқу орталықтарына арналған сертификаттық талаптар» туралы ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысы бұйрығымен бекітілген.
Қаржылық және заң бойынша ілеспелер «Қазаэронавигация» РМК тиісті құрылымдылық бөлімшелермен жүзеге асырылады.