Авиациялық медициналық орталық «Қазаэронавигация» РМК
Инновациялық бағыттағы, халықаралық стандарттарға жауап беретін, кадрлық әлеуеті жоғары медициналық жабдықтары бар Қазақстандағы жалғыз медициналық орталық. Сараптама қызметін жүзеге асырудан басқа, Авиациялық медициналық орталық азаматтық авиацияның авиациялық персоналына емдік, диагностикалық, оңалту қызметтерін көрсетеді, медициналық куәландырулар арасындағы кезеңде динамикалық бақылау жүргізеді.
Авиациялық медициналық орталық «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі №736 қаулысына сәйкес 2013 жылғы 18 қыркүйек күні «Қазаэронавигация» РМК құрамына кірді.
Жарғыға сәйкес авиациялық медициналық орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- авиамедициналық қызмет, азаматтық авиацияның авиация персоналын куәландыру;
- амбулаториялық-емханалық көмек;
- консультациялық-диагностикалық қызмет;
- қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
- санитарлық-гигиеналық қызмет;
- еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсіби жарамдылық сараптамасы;
- міндетті медициналық қарап-тексерулер, ұшу алдындағы, ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық қарап-тексерулер;
- авиациялық медицина саласындағы оқу-әдістемелік қызмет.
Қызметтің барлық түрлері нормативтік құқықтық актілермен реттеледі, өзара тығыз байланысты және Кәсіпорын қызметінің мақсатына қол жеткізуге, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласының медициналық қамтамасыз етудегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Медициналық қамтамасыз ету авиациялық медициналық орталық мамандарының – авиациялық медициналық сарапшылардың күшімен медициналық сертификат бере отырып, медициналық куәландыру жолымен жүргізіледі:
- Медициналық куәландыру – жеке тұлғаның ауруының болу немесе болмау фактісін анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздығын, кәсіби және өзге де жарамдылығын айқындау мақсатында тексеру;
- Медициналық сертификат – медициналық куәландырудың оң нәтижелері бойынша берілетін, өтініш берушінің денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығына қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын және кәсіби қызметке рұқсат беруді қамтамасыз ететін белгіленген үлгідегі құжат.
- Авиациялық медициналық сарапшы – медициналық куәландыру жүргізу арқылы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын, авиациялық медициналық сарапшы сертификаты бар жеке тұлға.
- Авиациялық медициналық орталық – азаматтық авиация саласында медициналық куәландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға (немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі).
Авиациялық медициналық орталық қызметін медициналық қызметпен айналысуға арналған 2019 жылғы 03 мамырдағы №19010178 лицензияның және «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ авиациялық медициналық қызметке 2020 жылғы 23 қарашада берген №1 сертификаттың негізінде жүзеге асырады. Лицензия мерзімсіз болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады, сертификат 2023 жылғы 23 қарашаға дейін жарамды.
Қазіргі уақытта Орталық базасында «Siemens» фирмасының жаңа қуатты германиялық цифрлық рентгенодиагностикалық кешендерінің бірі жұмыс істейді. Оның көмегімен Сіз сәуле бөлу жүктемесі аз, 190 см дейін жоғары сапалы суреттер түсіруге болады, кескінді алу уақыты 5 секундқа дейін қысқарады. Орталықта акушерлік-гинекологиялық пакет пен толық тамыр тексеру пакеті бар ішкі органдарға УДЗ жасауға арналған «MyLab» сараптамалық сыныпты екі итальяндық ультрадыбыстық сканер бар. Офтальмологиялық кабинет көзішілік қысымды өлшеуге, электрондық периметрия, авторефрактометрия жасауға арналған жапондық, оңтүстік кореялық және германиялық «Topcon», «Tomey», «Neitz», «Kawe» жабдығымен толық жинақталған. Жапондық автоматты биохимиялық және гематологиялық «Sismex» қан таладуыштары, функционалдық зерттеулер үшін – жапондық және оңтүстік кореялық электрокардиографтар, АҚ және ЭКГ тәуліктік мониторинг жүргізу аппараттары сатып алынды.
Бүгінгі күні Орталықтың медициналық жабдықпен жасақталуы Авиациялық медициналық орталықта зерттеулерді барынша көбірек жүргізуге және шынайы нәтиже шығаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Тұрақты түрде оқу, оның ішінде шетелде оқу, халықаралық конференцияларға, съездерге қатысу, әлемнің жетекші авиациялық медициналық орталықтарымен (Норвегия, Германия, Румыния, Ресей, Молдова, Белоруссия) халықаралық байланыстарды қолдау орталыққа даярлығы жоғары және авиациялық медицинада жұмыс тәжірибесі бар дәрігерлер штатының болуына және ведомстволық денсаулық сақтауда лайықты орын алуға мүмкіндік береді.
«Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңын орындау үшін ИКАО стандарттары мен ұсынымды практикасына сәйкес авиациялық медицина бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 4 бұйрығы қолданысқа енгізілді, оларды дайындауға кәсіпорынның Авиациялық медициналық орталығының мамандары белсенді қатысты:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 5 маусымдағы №324 бұйрық. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 11 шілдеде №15325 болып тіркелді. Жарияланған орны: «ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» АЖ, 2017 жылғы 21 шілдеде.
2. «Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 6 маусымдағы №329 бұйрық. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 11 шілдеде №15323 болып тіркелді. Жарияланған орны: «ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» АЖ, 2017 жылғы 20 шілде.
3. «Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы №344 бұйрық. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 8 тамызда №15456 болып тіркелді. Жарияланған орны: «ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» АЖ, 2017 жылғы 15 тамыз.
4. «Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» 2017 жылғы 16 маусымдағы №358 бұйрық. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 8 тамызда №15457 болып тіркелді. Жарияланған орны: «ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» АЖ, 2017 жылғы 15 тамыз.
2017 жылғы қыркүйекте бұл бұйрықтар қолданысқа енгізілді, бұл Қазақстан Республикасындағы медициналық куәландыру құрылымының және, тиісінше, Орталықтың құрылымы мен штат кестесінің өзгеруіне әкелді.
2017 жылдың қазан-қараша айларында Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация комитеті «Қазаэронавигация» РМК сертификаттау жұмыстарын жүргізді, Авиациялық медициналық орталық (АМО) мәртебесі алынды, дәрігерлердің білімі мен білігі расталды және кәсіпорынның штат кестесіне сәйкес үш авиамедициналық сарапшыға (АМЕ) сертификат берілді.
Сертификаттау нәтижелері бойынша виациялық медициналық орталық (АМО) өз қызметін нормативтік құқықтық актілердің жаңа талаптары бойынша 2017 жылғы 28 қарашадан бастады, яғни комиссиялық медициналық сараптама (ОДҰСК) жойылып, авиамедициналық сарапшылар (АМЕ) институты енгізілді. Ол бойынша АМЕ медициналық сертификатын бере отырып, авиация персоналын медициналық куәландыруды бір адам жүргізеді.
Бұл Азаматтық авиацияның Британдық моделіне жақындатты, яғни АМЕ институтын енгізіп, комиссиялық сараптамадан бас тарту жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті мәлімдеген 5 институционалдық реформаны орындау бойынша Ұлт жоспарының 68-қадамына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру жүйесін түбегейлі өзгертуге алып келді.
Авиациялық медициналық орталықтың ұжымы авиациялық медицинаға шынайы қызмет етудің тамаша дәстүрлері мен үлгілеріне, өз ісіне деген сүйіспеншілікке, ұшу қауіпсіздігі үшін жанқиярлық еңбекке негізделген жұмысын жалғастыруда.
«Қазаэронавигация» РМК жүргізген өзгерістердің нәтижесінде ең басты басымдық – Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы авиация персоналының денсаулық жағдайына және кәсіби тұрғыдан ұзақ өмір сүруіне байланысты ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаты іске асырылып, жетілдірілуде.