Құрылыс және логистика департаменті
Негізгі міндеті жобалау жұмыстарын, құрылысты, ғимараттар мен құрылыстарды күрделі және ағымдағы жөндеуді, объектілерді қайта құрылымдауды (бекітілген жоспарларға және ЖСҚ-ға сәйкес), сонымен қоса Кәсіпорын мекенжайына келіп түсетін жүктерді кедендік тазарту жұмыстарын ұйымдастыру болып табылатын Құрылыс және логистика департаменті (ҚжәнеЛД).
Департаменттің негізгі қызметі:
- Мемлекеттік сатып алу бойынша рәсімдерді жүргізу үшін жобалау жұмыстарына, құрылыс-монтаждау жұмыстарына, күрделі және ағымдағы жөндеуге, объектілерді қайта құрылымдауға, ғимараттар мен құрылыстарды таңбалауға техникалық тапсырмалар дайындау;
- Жобаларды дайындауға және жобалау ұйымдары мен бас мердігерлермен жобалау, іздестіру қызметтерін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға, күрделі және ағымдағы жөндеуге, объектілерді қайта құрылымдауға, ғимараттар мен құрылыстарды таңбалауға, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шарттарды келісуге қатысу, жасалған шарттардың орындалуын бақылау;
- Жобалау-сметалық құжаттаманы уақтылы алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, хабарламалар жіберу және құрылысқа, ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеуге рұқсат алу;
- Құрылыс-монтаждау жұмыстарының, күрделі және ағымдағы жөндеудің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
- Құрылыс объектілерін пайдалануға уақтылы енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, олардың орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- Шарттың бекітілген сомасына сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды салуға және жөндеуге арналған шығыстарды бақылауды жүзеге асыру;
- Қолданыстағы қағидалар мен ережелердің талаптарына сәйкес жаңадан салынған ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
- Кеден режиміне сәйкес уақытша әкелінген және әкетілетін жабдықты бақылау мен есепке алуды жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің өтінімі бойынша келіп түсетін жобалардың сметалық бөлігін сүйемелдеу;
- Материалдарды жабдықтауды, тасымалдауды, қоймалауды, сақтауды ұйымдастыру, оларды бөлу және жеткізу;
- Материалдық ресурстар қорларының қозғалысын есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру, олардың ұтымды және үнемді пайдаланылуын бақылау;
- Кәсіпорынның радиотехникалық жабдықтарды және байланысты пайдалану департаментінің өтінімдері бойынша белгіленген тәртіпте жөндеу үшін жабдықтарды жинауды, сақтауды және зауыттарға жөнелтуді ұйымдастыру;
- Жабдықтарды, қосалқы бөлшектер мен материалдарды кедендік ресімдеуді жүргізу.
2020 жылы Құрылыс және логистика департаменті 68 жобаны іске асырды, оның ішінде ЖСҚ әзірлеу – 39 жоба, құрылыс-монтаждау жұмыстары - 29 жоба.