2021 жылы жылдамдығы дыбыстан да жоғары жаңа жолаушылар ұшағы аспанға көтеріледі
Салынған уақыты 13.11.2020 09:28
Boom Technologies стартапы жылдамдығы дыбыстан да жоғары реактивті рейстерді қайта қарастыруды қолға алды. Жақында компания жаңа XB-1 ұшағының толық функционалды прототипін ұсынды деп хабарлайды Туризм порталы.
Фюзеляждың ұзындығы шамамен 22 метр болады. Бір қызығы, жылдамдығы дыбыстан да жоғары ұшақтың сыртқы бетін 120-130°C дейін қыздыруға болады, ал XB-1 қаптамасының материалдары 150°C-тан асатын температураға арналған. Жаңа лайнер Париж бен Монреаль арасындағы қашықтықты төрт сағаттан аз уақыт ішінде бағындыра алады, ал Лос-Анджелестен Сиднейге ұшу 8 сағат 30 минутқа созылады. Мысалы, бүгінде Лос-Анджелес пен Сидней арасында Boeing 777 немесе Airbus A350 ұшақтары қонбай кем дегенде 15 сағат бойы ұшады.
Жерден 9000-11000 метр биіктікте 850-900 км/сағ жылдамдықпен ұшатын қарапайым заманауи ұшақтарға қарағанда жылдамдығы дыбыстан жоғары лайнерлер әлдеқайда жоғары көтеріледі. Олар үшін «қалыпты» ұшу биіктігі шамамен 18000 метрді құрайды, ал жылдамдық дыбыс жылдамдығынан асады, яғни сағатына 1224 км. Мұндай экстремалды биіктіктегі сұйытылған ауа қосымша ауа кедергісін болдырмайды, нәтижесінде корпустың сыртқы элементтерінің одан да қызып кетуіне жол берілмейді, сонымен қатар отын шығыны азаяды.
2826