Еуропаның әрбір төртінші әуежайы пандемияның салдарынан төлем қабілетін жоғалту қаупінде
Салынған уақыты 12.11.2020 10:48
Еуропадағы әуежайлар, егер жолаушылар ағыны жыл соңына дейін қалпына келмесе, алдағы айларда қаржылық күйреуге ұшырауы мүмкін, деп хабарлайды Интерфакс. Халықаралық әуежайлар кеңесінің (ACI Europe) еуропалық бөлімшесінің бағалауы бойынша өңірдегі 740 әуежайдың шамамен 193-і үкіметтердің қолдауынсыз төлем қабілетін жоғалту қаупінде тұр. Қауіп негізінен аса ірі емес өңірлік әуежайларға төніп тұр, бірақ олар 277 мың жұмыс орнын қамтамасыз етеді, делінген хабарламада.
«Бүгінгі күнгі сандарға қарсақ, жағдай мүшкіл, — деді Aci Europe бас директоры Оливьер Янковец. «Дағдарыс басталғалы бері сегіз ай өтті, Еуропаның барлық әуежайлары жұмысын жалғастыру үшін ақша жұмсауға мәжбүр, алайда кірістер күрделі шығындарды айтпағанда, операциялық шығындарды өтеуге де жетпейді».
Авиакомпаниялар мен әуежайлар COVID-19 пандемиясынан туындаған дағдарысқа байланысты ең көп зардап шеккен компаниялардың қатарына жатады. ACI Europe мәліметтері бойынша, Еуропа әуежайларындағы жолаушылар ағыны қыркүйек айында өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 73%-ға азайды, ал қаңтардан бастап Еуропаның әуе айлақтарындағы жолаушылар саны 1,29 млрд жетпеді. Германиядағы Падерборн әуежайы қыркүйек айында жолаушылар ағынының 85% төмендеуі аясында төлем қабілетінен айырылғанын жариялады.
2645