Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Б. Атамқұлов Түркістан әуежайы бойынша бейнеконференцбайланыс режимінде кеңес өткізді
Салынған уақыты 11.11.2020 10:27
2020 жылғы 10 қараша күні Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловтың төрағалығымен бейнеконференцбайланыс режимінде кеңес өткізіліп, онда Түркістан қаласы әуеайлағының жарамдылық сертификатын беру, сондай-ақ авиакомпаниялардың Түркістан қаласы әуежайында тұрақты рейстерді бастауға дайын болу мәселелері қаралды.
Отырыс жұмысына «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, «Turkistan International Airport», «Қазаэронавигация» РМК және авиакомпаниялардың (Air Astana, SCAT, Qazaq Air, Fly Arystan) өкілдері қатысты.
«Қазаэронавигация» РМК Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдың аэронавигациялық инфрақұрылым жобаларының іске асырылу барысы туралы, сондай-ақ Түркістан қаласының халықаралық әуежайында әуе қозғалысына қызмет көрсетуді, байланыс, навигация жүйелерін ұсынуды және ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін аэронавигациялық қызмет көрсетушіге қойылатын талаптарға сәйкестік сертификатын алу туралы ақпарат берді.
3596