ruenkz

Павлодар филиалында күзгі-қысқы кезеңдегі ӘҚҚ ерекшеліктері жөнінде техникалық конференция өтті

Салынған уақыты 03.11.2020 12:02

Күзгі-қысқы кезеңде қауіпсіз, тұрақты және үнемді әуе қозғалысын қамтамасыз ету және ұйымдастыру шеңберінде Павлодар филиалының барлық бөлімшелерінде арнайы іс-шаралар өткізілді.

2020 жылғы 30 қазанда Павлодар филиалының ӘҚҚ қызметі жеке құрамының және «Павлодар әуежайы» АҚ-ның, 36739 әскери бөлімінің ұшуды қамтамасыз ету қызметтері өкілдерінің қатысуымен күзгі-қысқы кезеңде әуе қозғалысына қызмет көрсету ерекшеліктері жөнінде техникалық конференция өтті.

 Конференцияны Павлодар филиалының директоры Берік Салауатұлы Қожаниязов ашты, ол күрделі метеорологиялық жағдайларда әртүрлі ұшу түрлерін орындау қарқындылығының өсуімен және соның салдарынан ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін авиациялық оқиғалар санының ықтимал ұлғаюымен сипатталатын күзгі-қысқы кезеңнің бірқатар ерекшеліктері туралы айтты.

Конференция барысында ӘҚҚ қызметі бастығының міндетін атқарушы В.Н. Браславский, РТЖБП қызметінің бастығы Р.У.Джартенов және метеорологиялық қызметтің бастығы
В.И. Твердохлебтің қызметтердің жеке құрамының, радиотехникалық құралдардың, авиациялық электр байланысы құралдарының, метеорологиялық жабдықтардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы баяндамалары тыңдалды. Ауа райы жағдайларының ерекшеліктеріне және күзгі-қысқы кезеңде байқалатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға және алдағы кезеңде ұшуды қамтамасыз етуге қатысатын қызметтердің өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.

Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің автокөлік жүргізушілері «Павлодар әуежайы» АҚ-ның арнайы көлік қызметінде «Әуе кемесінің, арнайы көлік және механикаландыру құралдарының қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» (23.07.2014 ж. №100 бұйрық) бойынша сынақ тапсырды.

Филиал қызметтері күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайын.

3463