ruenkz

Денсаулық сақтау министрлігі 4 елге ұшатын рейстерді қысқартуды ұсынады

Салынған уақыты 30.10.2020 08:48

Бірнеше елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және Қазақстанға коронавирустық инфекцияның сырттан келу жағдайларына байланысты денсаулық сақтау министрлігі Украина, БАӘ, Германия және Беларусьпен әуе қатынасын қысқартуды ұсынады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді деп хабарлайды Kapital.kz.

«Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес 6 қазан күні сағат 00.00-ден бастап автомобиль өткізу пункттері арқылы ҚР 33 600 азаматы мен шетелдіктер, оның ішінде 10 051 жолаушы мемлекеттік шекараны кесіп өтті, олардың 3322-сі карантиндік стационарларға орналастырылды, олардың алпысында оң нәтиже анықталды. Халықаралық авиарейстермен 14 832 жолаушы келді, олардың 3051-і тестілеуден өтті, тоғызында оң нәтиже көрсетті», - деді Ерлан Қиясов.

«Шекарадағы бақылауды күшейту және инфекцияның сырттан келуі мен таралуының алдын алу үшін коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына шараларды күшейту – Украина, БАӘ, Германия және Беларусьпен әуе рейстерінің санын қысқарту мәселесі шығарылды», - деп хабарлады вице-министр. Сондай-ақ шекарада анықтамалар болмаған және карантиндік стационарда орналастырылмаған кезде халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілерге ПТР-тестілеу жүргізу, ал сауалнамалық деректер бойынша оң нәтиже анықталған жағдайда орналасқан жері бойынша карантиннен өткізу ұсынылады.

3235