ruenkz

Таиланд қазақстандық туристер үшін арнайы виза ұсынды

Салынған уақыты 28.10.2020 09:00

Қазақстандықтар Таиландқа кіру үшін «арнайы туристік виза» деп аталатын құжаттың жаңа түрін ала алады. Оны COVID-19 жұқтыру қаупі төмен елдердің тұрғындары ала алады деп хабарлайды Action Global Communications Kazakhstan агенттігі.

Визаның мерзімі – 90 күн, оны екі рет ұзартуға болады, осылайша Тайландта 270 күнге дейін қала алады. Таиланд Корольдігінің Нұр-Сұлтандағы елшілігі нақтылағандай, СТВ-виза 2020 жылғы 1 қазаннан бастап 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін берілетін болады. Рұқсат етілген елдердің тізімі әр айдың 15 және 30-күндері қайта қаралады. Сондай-ақ, туристерге тағы бір құжат – кіру туралы куәлік алу қажет, оған өтінімді Нұр-Сұлтандағы Таиланд Корольдігінің елшілігіне беруге болады.

Бүгінгі таңда Таиландқа келесі туристік топтарға кіруге рұқсат етілген:

- Thai Elite Card ұстаушылары.

- иммиграциялық емес ұзақмерзімді О-А санатындағы виза иелері визаның бұл түрі Тайландта 1 жылдан аспайтын мерзімге жұмыс істегісі келмейтін  50 жастан асқан өтініш берушілерге берілуі мүмкін.

- СТВ иелері.

Сонымен қатар, Таиландта болған алғашқы 14 күнде туристер рұқсат етілген тізімдегі қонақ үйлердің бірінде карантиннен өтуі керек. Таиландқа Қазақстаннан тікелей авиарейстер жоқ екенін, бірақ Дубай арқылы жетуге болатынын атап өту маңызды.

2965