IATA ұшу кезінде 44 COVID жұқтыру жағдайы тіркелді
Салынған уақыты 27.10.2020 08:53
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) осы жылдың басынан бастап ұшу кезінде тек COVID-19 ауру жағдайының тек 44-і тіркелгенін көрсетті. Осы кезеңде әлемде барлығы 1,2 млрд жуық авиажолаушы тасымалданды. Осылайша, бортта COVID жұқтыру қаупі әр 27 миллион саяхатшыға бір жағдай деп бағаланатынын хабарлайды Интерфакс.
«Біз бұл сандар өте жігерлендіреді деп санаймыз. Сонымен қатар, жарияланған жағдайлардың басым көпшілігі ұшу кезінде бетперде кию кең таралғанға дейін болды», — деді IATA медициналық кеңесшісі Дэвид Пауэлл. Оның сөздері ұйымның хабарламасында келтірілген. Әуе көлігінде COVID-тің таралуынан қорғау шаралары тиімді деп санайды IATA. Қорғанудың қосымша «қабатын» салондағы ауаны сүзу жүйесі береді.
«Мүлдем қауіпсіз ештеңе жоқ. Бірақ жарияланған 44 ықтимал COVID-19 жұғу жағдайын ескере отырып, 1,2 миллиард саяхатшылар арасында ұшу кезінде бортта вирус жұқтыру қаупі найзағай түсумен бірдей санатқа жатады», - деді IATA бас директоры Александр де Жуньяк. Бұған дейін IATA халықаралық авиатасымалдауларға карантиндік шектеулерді алып тастауға және ұшу алдында жолаушыларды COVID-19-ға тестілеу тәтібін енгізуге шақырды.
2735