AirAsia Japan бюджеттік авиакомпаниясы жабылды
Салынған уақыты 26.10.2020 09:13
Малайзияның лоукост тасымалдаушысының жапондық бөлімшесі – AirAsia Japan Авиакомпаниясы 2020 жылғы 5 қазаннан бастап рейстердің тоқтатылғанын жариялады. Бағдарламаның жабылуының себебі COVID-19 пандемиясынан туындаған дағдарыс кезінде тарифі төмен бәсекеге қабілетті жапондық тасымалдау нарығында жұмыс істеудің мүмкін еместігі деп аталатынын АТО порталы хабарлады.
AirAsia Japan атқарушы директоры Джун Аида: «Шығындарды азайту бойынша дәйекті және түрлі бастамалар арқылы операциялық қызметті қолдау үшін қолданған тұрақты шараларға қарамастан, біз нарықты пандемиядан кейінгі қалпына келтірудің ықтимал динамикасына қатысты ешқандай үмітсіз немесе сенімділіксіз ұшуды жалғастыру өте қиын деген қорытындыға келдік», — деп түсіндірді.
AirAsia Japan жобасы 2017 жылы ішкі және халықаралық рейстерді орындаған, бірақ ешқашан табыстқа қол жеткізбеген үш Airbus A320 ұшағынан тұратын паркпен іске қосылды. Авиакомпанияның кірісі коронавирустық дағдарыстан едәуір зардап шекті, II тоқсанда авиакомпания 1,1 миллиард йен (10,4 миллион доллар) мөлшерінде шығынға ұшырады. Жапондық төмен тарифтік тасымалдар нарығындағы бәсеке соңғы бірнеше жылда айтарлықтай күшейе түсті. Елдің екі ірі авиакомпаниясы төмен тарифтік бөлімшелерді іске қосты: All Nippon Airways Peach еншілес компаниясын құрды, ал Japan Airlines болса Jetstar Japan акционері болып табылады. Бұдан басқа, нарықта Spring Airlines Japan лоукостАаиакомпаниясы жұмыс істейді.
2767