ruenkz

Шымкент әуежайын сенімді басқаруға беру жоспарлануда

Салынған уақыты 26.10.2020 08:58

Шымкент әуежайын сатып алу құқығымен 10 жылға сенімгерлік басқаруға беру жоспарлануда. Сауда-саттық 2020 жылғы 8 қазан күні өтеді. Сауда-саттықты бастау жоспарланған бастапқы баға 5,2 млрд теңгені құрайды. Сауда-саттыққа қатысу үшін 785,1 млн теңге көлемінде кепілдік жарна төлеу қажет, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы.

 «Объектіні сенімгерлік басқаруға алған адам сенімгерлік басқару кезеңінде әуежай қызметінің бейінін сақтауға міндетті болады. Сенімгерлік басқару кезеңінде объектіге кемінде 6 млрд теңге көлемінде инвестиция салу және оларды әуежай инфрақұрылымына жіберу қажет болады. Сатып алушы объектінің инфрақұрылымын азаматтық авиация саласындағы қазіргі заманғы стандарттарға келтіруге міндетті: жолаушылар терминалын реконструкциялау, арнайы техника мен жабдықты жаңарту. Сондай-ақ, сенімгерлік басқару кезеңінде қолданыстағы жұмыс орындарын сақтап, кемінде бес жұмыс орнын құру қажет", - делінген тендер жеңімпазына қойылатын талаптарда.

Бағалау туралы есептің деректері бойынша 2017 жылы әуежайдың таза пайдасы 83 млн теңгені, 2018 жылы - 108 млн теңгені, 2019 жылы - 95,1 млн теңгені құрады. Тендер жеңімпазы сонымен қатар әуежайдың үзіліссіз қызметін қамтамасыз етуге және оның таза кірісін жыл сайын арттыруға міндетті. 2021 жылдан бастап әуежайдың таза пайдасы 150 млн теңгеден кем болмауға тиіс. Естеріңізге сала кетейік, Шымкент халықаралық әуежайы 1932 жылдың наурыз айында құрылған болатын.

3074