Алматыдан Киевке ұшудың шарттары айтылды
Салынған уақыты 23.10.2020 09:55
Қазақстан азаматтары Киевке саяхат жасай алады, өйткені Украинаның шетелдік азаматтардың келуіне қойылатын үкіметтік шектеулер мерзімі аяқталды. «Эйр Астана» авиакомпаниясы ұшудың негізгі ережелерін хабарлады деп хабарлайды Tengritravel.kz. Алматыдан Киевке ұшатын тікелей тұрақты рейстер сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері Airbus A320 авиалайнерлерімен орындалады.
Барлық шетел азаматтары үшін сақтандыру полисінің болуы міндетті шарт болып табылады. Сақтандыру полисін Украинада тіркелген компания немесе Украинада өкілдігі немесе Украина аумағында серіктес сақтандыру компаниясымен шарттық қатынастары бар шетелдік сақтандыру компаниясы беруі керек.
Полис COVID-19 емдеумен, соған байланысты обсервациямен байланысты шығындарды жабуы және Украинада болған мерзім ішінде қолданылуға тиіс. Барлық жаңартулар/толық ақпарат www.visitukraine.today сайтында қолжетімді. Қажетті сақтандыруды осы сайт арқылы да сатып алуға болады. Украинадан Қазақстанға келген жолаушылар 48 сағат ішінде ПТР тестін тапсыруы немесе 14 күндік үй карантинінен өтуі керек.
2902