ruenkz

Қытайда әуежай құрылымын кеңейтудің ең ірі бағдарламасы іске қосылды

Салынған уақыты 20.10.2020 09:10

Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы Байюнь халықаралық әуежайы (IATA коды: CAN) Қытай тарихындағы ең ауқымды әуежай жобасын іске асыра бастады, деп хабарлайды АТО порталы.

Әуежайды кеңейтудің үш кезеңдік жоспары жалпы ауданы 422 мың шаршы метр жаңа Т3 терминалының, ауданы 144 мың шаршы метр Т2 терминалына екі қосымша құрылыстың, жаңа жүк кешенінің және екі жаңа ұшу-қону жолағының құрылысын қамтиды.

2019 жылы Байюн әуежайы 73,4 миллион жолаушыға қызмет көрсетті, бұл 80 млн жолаушы деп жобада көзделген санға жақын. Жолаушылар тасымалы бойынша әуежай Пекин қаласындағы Шоуду әуежайы мен Шанхай қаласындағы Пудун әуежайынан кейін елдің ең ірі әуе айлақтары тізімінде үшінші орынды иеленді. Жаңарту нәтижесінде Байюнь әуежайының өткізу қабілеті 2030 жылға қарай 120 млн жолаушыға дейін өсіп, жылына 775 мың ұшу-қону операцияларын жүзеге асырады; 2040 жылға қарай 140 млн жолаушыға дейін өсіп, 870 мың ұшу-қону операцияларын жүзеге асырады деп жоспарланып отыр.

3234