ruenkz

Дубай қазақстандықтар үшін коронавирус сынағын тоқтатты

Салынған уақыты 19.10.2020 09:05

Қазақстандықтар үшін бұдан былай Дубайға келгеннен кейін коронавирусқа тестті қайта тапсырудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Tengritravel.kz. Samchui порталының ақпаратына сәйкес, Дубай билігі әмірлікке кіру ережелерін жаңартты. Енді Дубайға келушілер коронавирусқа теріс ПТР сынағы туралы анықтаманы өзімен бірге алып келсе болғаны, оны 96 сағаттан артық емес уақытта жасау керек. 12 жасқа дейінгі балалар мен мүгедектігі  орташа немесе ауыр балалар тест талаптарынан босатылады.

Сонымен бірге, Дубай билігі келген жолаушыларды белгілері болған жағдайда тексеруге құқылы. Келген кезде тест тапсыратын кез келген адам нәтиже алғанға дейін карантинде болуы керек. Оң нәтиже болған жағдайда олар оқшауланып, биліктің ұсыныстарын орындауы керек. Отанына оралған қазақстандықтарға коронавирусқа ПТР-тесттен қайта өту қажет.

Сонымен қатар, барлық саяхатшылар COVID-19 – DXB Smart қосымшасын орнатып, денсаулық туралы декларация нысанын және карантиндік міндеттеме нысанын толтыруы керек.

Қалған Әмірліктер де саяхатшылар үшін ашық, бірақ олардың өз ережелері бар. Сонымен, Абу-Дабиге келушілердің барлығы 14 күн бойы үйлерінде немесе қонақ үй бөлмелерінде карантинде блуы керек. Сондай-ақ, олар екі апта бойы орналасқан жерін бақылау үшін келген кезде электронды тегпен жабдықталады. Алайда, егер турист Абу-Дабиге барар алдында Дубайда болса, бұл мерзім қысқарады.

3067