Петропавл филиалында ATIS жабдығын орнату
Салынған уақыты 13.10.2020 14:15
«Қазаэронавигация» РМК-ның 2017-2021 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру шеңберінде Петропавл филиалында қазақстандық және халықаралық нормативтік құжаттарға сәйкес әуеайлақ маңындағы ағымдағы метеорологиялық және жедел навигациялық ақпаратты ағылшын және орыс тілдерінде автоматты түрде таратуға арналған ATIS (Automatic Terminal Information Service) жабдығын кезең-кезеңмен орнату жүргізілуде.
Қазіргі уақытта «MV Network» ЖШС мамандары жүйенің қабылдау-тарату жабдығын орнатып, күйіне келтірді. «Нита» фирмасы» ЖШҚ-мен жасалған шарт бойынша келесі қадам АТІЅ таратушы жабдығы үшін ақпарат көзі болып табылатын «АМетИСт» ақпараттық хабар таратуды автоматтандыру құралдарының кешенін («Аметист» АТ АҚК) орнату жұмыстары болмақ.
АТІЅ әуе кемелерінің экипаждарына авиациялық қолдауды қамтамасыз ететін дербес звено болып табылады және ұшуларға аэронавигациялық қызмет көрсетуде қосалқы рөл атқарады.
АТІЅ-ті пайдалану ӘҚҚ диспетчеріне түсетін ауыртпалықты азайтуға мүмкіндік береді, яғни оны ӘҚБ аудандары мен әуеайлақтардағы құбылмалы метеорологиялық жағдайлар туралы ақпаратты жинап, әуе кемелерінің экипаждарына хабарлау операцияларын орындаудан босатады.
3322