ЕО әуе кеңестігін басқаруды модернизациялауға ниетті
Салынған уақыты 12.10.2020 09:41
Еуропалық одақ «Біртұтас еуропалық аспанның» нормативтік-құқықтық базасын жаңарта отырып, өзінің әуе кеңістігін басқаруды жаңғыртуға және ұшудың неғұрлым тиімді траекторияларын салуға ниетті деп жазады Интерфакс-Қазақстан.
«Бүгінгі Еуропалық комиссияның «Біртұтас еуропалық аспан» жүйесін қайта қарау жөніндегі ұсынысы ұшу траекторияларын тиімді басқару есебінен шығарындыларды 10% дейін қысқартуға көмектесіп қана қоймай, осы секторда деректерді тарату қызметтері нарығын ашу арқылы цифрлық инновацияларды ынталандыратын болады», - деп мәлімдеді ЕО көлік жөніндегі комиссары Адина Вэлян.
Бұл ұсыныс COVID-19 пандемиясы салдарынан әуе қозғалысы көлемінің күрт төмендеуі неғұрлым тұрақты басқаруды, оның сұранысқа бейімделуін талап ететіндігіне байланысты деп атап өтті ЕК. 2019 жылы рейстердің кешігуі ЕО-ға 6 миллиард еуро шығын әкелді және 11,6 миллион тонна қосымша СО2 шығарындыларына әкеп соқты. Авиакомпаниялар тарифі жоғары ұшу аймақтарынан бас тарту үшін ұзағырақ маршруттарды таңдаған кезде де солай болады.
«Біртұтас еуропалық аспан» бастамасы 2004 жылы Еуропа үстіндегі әуе кеңістігін фрагменттеуді азайту және қауіпсіздік, өткізу қабілеті, рентабельділік және қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан әуе қозғалысын басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында іске қосылды. Еурокомиссия 2013 жылы қайта қарау туралы ұсыныс жасады, бірақ Кеңес мүшелері арасындағы келіссөздер 2015 жылдан бастап тоқтап қалды. 2019 жылы 15 сарапшыдан тұратын «данышпандар тобы» құрылды, ол қазіргі жаңарту үшін ұсыныстарды дайындады.
2789