Нұр-Сұлтан саяхат жасауға болатын 100 қауіпсіз орынның тізіміне кірді
Салынған уақыты 08.10.2020 08:47
Нұр-сұлтан Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесі жариялаған планетада қауіпсіз саяхаттауға болатын 100 орын тізіміне енді деп хабарлайды Tengritravel.kz Travel Daily Media-ға сілтеме жасай отырып. Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесі (WTTC) үш ай ішінде «қауіпсіз саяхат» мәртебесін алған 100 бағытты жариялады. Оған ТМД елдері ішінен Қазақстан, Ресей және Украина кірді.
«Біздің бастамамыздың осындай жетістікке жеткеніне және жер шарының түкпір-түкпірінде қолданылатынына қуаныштымыз. 100 қауіпсіз межелі орындардағы туристік ұйымдарға бүкіл әлемдегі тұтынушылардың сенімін нығайтуға көмектесу үшін бірлесіп жұмыс істеуге үндеу салынды», - деді WTTC президенті және бас директоры Глория Гевара.
WTTC – саяхат және туризм саласындағы жеке секторды білдіретінін атап көрсетеміз. 2020 жылдың басында ұйым әлемдегі алғашқы Safe Travels қауіпсіздік және гигиеналық мөрін шығарды. Ол коронавирустық пандемиядан зардап шеккен әлемдік туристік секторды қалпына келтіруге көмектесу үшін жасалған. Арнайы жасалған бренд саяхатшыларға ғаламдық стандартталған денсаулық сақтау және гигиена хаттамаларын қабылдаған бүкіл әлемдегі бағыттарды тануға мүмкіндік береді. Бұл бағыт БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) және көптеген ірі әлемдік туристік топтардың қолдауына ие болды.
3102