SCAT авиакомпаниясының Шымкенттегі жаңа әуежайы ұшу географиясын кеңейтіп, 3 мың жұмыс орнымен қамтамасыз етеді
Салынған уақыты 07.10.2020 09:05
Жаңа авиакөлік хабы Шымкент қаласын дамытудың жаңа индустриялық-инновациялық саясатын құру бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік береді.
Жаңа Шымкент әуежайы базасында құрылатын бірегей Оңтүстік Қазақстан авиациялық хабы жолаушылар мен жүк легіне қауіпсіздік пен жайлылықтың, сапаның жоғары деңгейін ұсынатын тиімді қызмет көрсету орталығы болмақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«Біз қазақстандықтар үшін жыл сайын жаңа қалалар мен елдер ашумен қатар сол қалалар мен елдерге рейстік құрылымымызды дамытып, ұлғайтып келеміз, компаниямыздың негізі қаланған туған өлкеміз әрине басты назарда.
Шымкент әуежайының жаңа терминалы базасында өңірді Балтық жағалауы елдерімен, Қытаймен, Ресей Федерациясымен, Кавказ, Таиландпен және Еуропалық Одақпен байланыстыратын өзіміздің Оңтүстік Қазақстан халықаралық авиациялық хабымыз құрылатын болады»,- деп хабарлады авиакомпания.
Инфрақұрылымды дамытудың жаңа деңгейі бизнес пен халықтың жолаушылар мен жүк тасымалына деген ұдайы өсіп келе жатқан қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шымкент қаласының көлік әлеуетінің ұлғаюы экономиканың барлық секторларындағы жергілікті бизнес өкілдерінің іскерлік белсенділігі мен өнімділігінің артуына ықпал етеді. «Тікелей және транзиттік жолаушылар ағынын, сондай-ақ өңіріміздің аумағы арқылы жүк тасымалдау көлемін ұлғайту Шымкент қаласының бизнесін дамыту мен инвестициялық тартымдылығын күшейту үшін қуатты база болмақ.
Бұдан басқа, жаңа нысан іскерлік белсенділікті арттыруға және өңір мен елдің сауда-экономикалық және саяси қатынастарын нығайтуға мүмкіндік береді.
Жаңа әуежай кешені өңірге қосымша ақша ағынын қамтамасыз ете отырып, Шымкент қаласына және ол арқылы жолаушылар мен жүк тасымалы көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті компанияның баспасөз қызметі.
Жаңа хаб Түркістан облысының шалғай аудандарымен әуе қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал өңірге шетелдік тасымалдаушыларды тарту Шымкенттің жақын және алыс шетел қалаларымен қатынасын барынша күшейтумен қатар өз жолаушылары үшін тасымалдаудың тиімді бағасын ұсынуға мүмкіндік береді.
SCAT өкілдерінің хабарлауынша, жаңа нысан әуежай құрамындағы әуежай кешенінің, инженерлік-техникалық базаның және экстра-класты жеке авиация мамандарын даярлайтын оқу орталығының базасында 3000-нан астам жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
3052