ruenkz

Delta авиакомпаниясы әуежайда адамдарды тексеру үшін микробқа қарсы науалар жасады

Салынған уақыты 05.10.2020 08:43

Delta Air Lines авиакомпаниясы АҚШ көлік қауіпсіздігі басқармасымен бірлесе отырып, жолаушылар әуежайда тексеру кезінде пайдаланатын арнайы микробқа қарсы науалар жасап шығарды. Жаңа контейнерлердің арқасында саяхатшылардың заттары ұшу алдындағы бақылау процедурасы кезінде «таза» күйінде қалады, деп жазады Simple Flying басылымы.

Бұл контейнерлерге -  багаж сканерінің таспасына орнатылған пластикалық науаларға туристер әдетте сөмкелері мен ұсақ заттарын салады. Көптеген зерттеулер нәтижесі бойынша дәл осы пластикалық паллеттер вирустар мен бактериялардың ең көп жиналатын орны болып табылады. Сондықтан Delta Air Lines жаңа контейнерлері микробқа қарсы жабынмен жабдықталған, бұл әр жолаушы затының таза күйінде қалуына мүмкіндік береді, бұл әсіресе COVID-19 пандемиясы кезінде маңызды.

Бұл өнім бірден АҚШ-тың бірнеше әуе айлағында - Атлант, Миннеаполис, Лос-Анджелес және Нью-Йоркте пайда болады деп хабарланды.

443