АҚШ-та COVID-19 тексеру үшін күшейтілген скрининг тоқтатылды
Салынған уақыты 01.10.2020 09:20
Америка Құрама Штаттарының әуежайларында шетелден келген жолаушылар үшін күшейтілген COVID-19 скринингі тоқтатылады деп хабарлайды Tengritravel.kz Conde Nast Traveller-ге сілтеме жасай отырып. Американдық сарапшылардың пікірінше, әуежайларда келген жолаушылардың денсаулығын тексеру тиімді болған жоқ. Сондықтан 14 қыркүйектен бастап әуежайларда коронавирусқа күшейтілген скринингтен бас тарту туралы шешім қабылданды.
2020 жылдың қаңтарынан бастап жоғары қауіпті елдер тобының жолаушылары АҚШ-қа тек арнайы белгіленген 15 әуежай арқылы ұшып келе алған еді. АҚШ көлік қауіпсіздігі басқармасы өкілінің айтуынша, әуежайларда тексерілген 675 000 жолаушының 15-тен кемі (және бұл 0,002 пайыз) вирус жұқтырған. Оның пікірінше, бұл тексеру оның сәтсіздігін көрсетті, өйткені ол ақшаны, уақытты және мамандардың жұмысын текке жұмсап, пайдасын тигізбеген.
14 қыркүйектен бастап жолаушыларға COVID-19 скринингінен өту үшін енді белгілі бір әуежайларға ұшудың қажеті болмайды. Тамыз айында АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы саяхатшыларға сапардан кейін 14 күндік карантин өткізу туралы ұсынымнан да бас тартты. Бұл ретте кейбір штаттарда ішкі сапарлар үшін екі аптаға оқшаулану талап етіледі.
2941