ruenkz

Singapore Airlines «бағыты белгісіз» рейстерді іске қоспақ

Салынған уақыты 30.09.2020 08:31

Сингапурлық Singapore Airlines авиакомпаниясы қазан айының соңында «бағыты белгісіз» рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Ондай рейстерді орындайтын лайнерлер ұшып шыққан әуежайға қайтып оралады деп хабарлайды Straits Times ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, межелі жері жоқ рейстердің жолаушылары шамамен үш сағат уақытын әуеде өткізе алады. Рейстер Чанги әуежайынан және кері бағытта жүзеге асырылады.

Бұл бастаманың мақсаты коронавирустық пандемиядан туындаған компанияның экономикалық қиындықтарымен күресу болып табылады.

Бұған дейін сингапурлық Singapore Airlines авиакомпаниясы коронавирустық пандемияға байланысты шамамен 2,4 мың қызметкерді қысқартатыны туралы хабарланған болатын. Мұндай «бағыты белгісіз» рейстер Тайваньда жабық шекараларға және COVID-19 пандемиясының аясында рейстердің тоқтатылуына байланысты танымал болды.

3005